Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың өкімімен «Ақтөбе қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы болып Ермашев Хайдар Шалабайұлы тағайындалды

Х.Ш. ЕРМАШЕВ 1986 жылы туған. Білімі жоғары, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бакалавры біліктілігі бойынша, Қазақ-Орыс халықаралық университетін құқықтану бакалавры біліктілігі бойынша аяқтаған.
Хромтау ауданы Ақжар селолық округі әкімі аппаратының бас маманы, Хромтау ауданы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім басшысы, Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бас маманы болып қызмет атқарды.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе қаласы әкімінің көмекшісі болып жұмыс атқарды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50