Қазақша   Русский

RSS-лента

1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған мерекелік шеру өткізу кезіндегі жол қозғалысын жабу және жол қауіпсіздігі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Ақтөбе қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған мерекелік шеру өткізілуіне байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылғы 1 мамырда сағат 09-00-ден бастап сағат 11-00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойынша М.Оспанов көшесінен Ғ.Жұбанова көшесіне дейінгі, Ғ.Жұбанова көшесінен М.Мәметова көшесіне дейінгі аралықта барлық көлік түрінің қозғалысы жабылсын.
2. Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының ҚЖТИ-ға «Табыс Актобе» ЖШС-мен бірге осы учаскеде тиісті белгілер мен қоршаулар қоюға ұсыныс жасалсын.
3. «Ақтөбе қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, «Ақтөбе қаласының жолаушы-автокөлік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге параллель көшелер бойынша қоғамдық көлік қозғалысының уақытша сызбасын әзірлесін және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ж.Б. Баирхановқа жүктелсін.

Қала әкімі
І.Испанов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50