Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбенің мемлекеттік қызметшілері аттестаттаудан өтуде

ҚР Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы №404 Жарлығына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілері аттестаттаудан өтеді.
Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Н.Алдияровтың төрағалығымен 24 сәуірден бастап бірыңғай қалалық аттестаттау комиссиясы өз жұмысын бастады. Кестеге сәйкес 175 мемлекеттік қызметші әңгімелесуден өтеді.
Аттестаттаудың мақсаты "Б" корпусы қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейін және атқаратын лауазымдарына сәйкестігін айқындау болып табылады.
Шешім қабылдау кезінде комиссия объективтілік және ашықтық принциптерін басшылыққа алуда.
Аттестаттаудан өткен мемлекеттік қызметшілердің дайындығы жақсы. Жауаптарынан олар жұмыс нәтижесінің мемлекеттік орган қызметінің тиімділігіне әсер ететіндігін түсінетіндіктерін көрсетеді.
Бүгінгі күнге әңгімелесу қорытындысы бойынша барлығы 121 мемлекеттік қызметші әңгімелесуден өтті, оның 27-і атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және мемлекеттік лауазымын жоғарылатуға ұсынылды, 94-і атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50