Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде І халықаралық «Шаттык әлемі-2017» би өнерінің байқау фестивалі өтуде

Бүгін Ақтөбеде «ЕХРО-2017», Ақтөбе облысының құрылғанына 85 жыл және Халықаралық би күніне арналған бірінші Халықаралық «Шаттық әлемі-2017» » би өнерінің байқау фестивалінің салтанатты ашылуы өтті.
Конкурс фестивальдің мақсаты -ұлтаралық қарым-қатынасты дамыту, шығармашылық байланысты - қатысушылар мен хореография өнеріндегі кәсіби шеберлікті және көп ұлтты балалар шығармашылығына қолдау көрсету, тәжірибе алмасу. Фестиваль Ақтөбе қаласының Әкімдігімен, қалалық мәслихат және Қазанғап атындағы балалар өнер мектебімен ұйымдастырылды.
Облыстық драма театрында фестивальдің ашылуында Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов фестивальге қатысушыларды құттықтады. Ақтөбеліктер мен фестиваль қонақтарын құттықтау барысында қала басшысы оларға жоғарғы шығармашылық жетістіктер, жаңа жеңістер тілеп, өзінің еңбегімен, талантымен және кәсіби шеберлігімен осындай жоғары нәтижеге қол жеткізген біздің жерлесіміз Димаш Құдайбергеновті мысалға келтірді.
І Халықаралық «Шаттық әлемі-2017» конкурс-фестиваліне Болгария, Ресей (Санкт-Петербург, Татарстан Башқұртстан) Қырғызстан және Қазақстаннан белгілі хореографиялық ұжымдары шақырылды, қатысушылар саны 540.
29 сәуір күні ұжым жетекшілері және әділқазылар мүшелерінің қатысуымен «Нұр Отан» ғимаратында «ХХІ ғасырдағы хореографияның даму перспективасы және проблемалық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел, атақты балетмейстерлермен шеберлік кластары өткізіледі.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50