Қазақша   Русский

RSS-лента

Бүгін түстен кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің бастамасымен қаланың ескі бөлігіндегі Алтынсарин көшесінде қаладағы басқарушы компанияның басшылары мен қызметкерлері үшін абаттандыру мәселесі бойынша мастер-класс ұйымдастырылды

Бүгін түстен кейін Ақтөбе қаласы әкімдігінің бастамасымен қаланың ескі бөлігіндегі Алтынсарин көшесінде, Кереев көшесінің «Пушка» мемориалы аумағында, Ломоносов көшесі бойымен темір жол вокзалына дейінгі аумақта қаладағы 28 басқарушы компанияның басшылары мен қызметкерлері үшін абаттандыру мәселесі бойынша мастер-класс ұйымдастырылды.
Қала әкімі атап өткендей, қазір санитарлық тазалық және абаттандыру жөнінде үш айлық өтуде, көп жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, жұмыс әлі де жеткіліксіз жүргізілуде, қарқын төмен, қала әлі таза, күтілген және өзіне тән көркіне жете қойған жоқ.
Сондықтан мастер-кластың негізгі мақсаты аумақтарды, жолдар мен бордюрлер жандарын, арықтарды санитарлық тазалау, көркейту, ағаштар мен бұталарды декоративті кесу, жасарту, гүлзарлар мен газондарды орналастыру, гүлдер мен еркек шөптерді өсіру, тротуарлар плиталарын төсеу, қоқыс жәшіктерін, орындықтарды, субұрқақтарды, басқа да инфрақұрылымдар нысандарын тәртіпке келтіру мәселелерін қалай жүргізуді осы көшелердегі көрнекілік үлгісі ретінде көрсету болып табылады.
Сондай-ақ басқарушы компаниялардың, коммуналдық қызметтердің және ПИК-тердің үйлесімді жұмысына қол жеткізу мәселесі алға қойылды, адам ресурстары мен техникаларды жұмылдыра отырып, нақты бір көшені, қаланың тұтастай ауданын қысқа мерзім ішінде тәртіпке келтіруге болады.

Шамасы, қалалықтарды қаланың ескі бөлігінде коммуналдық қызметтердің ашық жилеттер киген қызметкерлерінің бірлесе жұмыс істеуі таң қалдырған болар. Басқарушы компаниялардың қызметкерлерін барынша тиімді және көрнекілікпен оқыту мақсатында көшелер 28 учаскеге бөлінді, 150-ден астам адам қатысты.
Шараға сонымен қатар қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй инспекциясы, автомобиль жолдары, сәулет бөлімдерінің, жергілікті полиция қызметі, «Табыс Ақтөбе» ЖШС, Алтынсарин көшесін қарайтын ПИК, кондоминиум нысандары басшылары, сондай-ақ «Таза қала» ЖШС, «Айка 2030» ЖШС, «Жас Ұлан Флора», «Тех Газ Монтаж» ЖШС секілді мердігер ұйымдар басшылары қатысты.
Қала әкімі басұарушы компаниялар басшыларымен және қалалық әкімдіктің жауапты қызметкерлерімен бірге Алтынсарин, Кереев, Ломоносов көшелерін жаяу аралап өтіп, учаскелердегі жұмыс барысымен танысты, жұмыс технологиясының дұрыс жүргізілуіне, жұмысқа тартылған барлық қызметтердің тиімді жұмыс жасауына көңіл аударды.
Одан кейін мастер-класс талқыланып, қорытындыланды, оның қорытындылары бойынша нақты тапсырмалар берілді
Қаланың коммуналдық қызметтерінің, кәсіпкерлік нысандарының және барлық тұрғындардың күшін біріктіру арқылы ғана ақтөбеліктердің таза да жайла қалада қолайлы өмір сүрулері үшін санитарлық тәртіп пен абаттандыру мәселесін үйлесімді және шұғыл шешуге қол жеткізуге болатыны белгілі.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50