Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде Қазақстан халқы бірлігі Күні атап өтілді

1 мамыр Ақтөбеде Қазақстан халқы бірлігі Күніне арналған ауқымды мерекелік шаралар өтті.
Қазақстан халқы бірлігі Күні Маресьев көшесінде орналасқан жұмысшы жастарға арналған 115 пәтерлі шағын отбасылар жатақханасы пайдалануға берілді.
Жоба «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының үшінші бағыты аясында жүзеге асырылды.
Облыс әкімі Б.Сапарбаев және Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов мәдениет, спорт, денсаулық сақтау, білім қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыстады.
Ауқымды мерекелік шаралар Әбілқайыр даңғылы бойымен «Бір шаңырақ астында» салтанатты шерумен ашылды, оған 4 мыңнан астам ақтөбелік қатысты.
«Бірлік және Келісім» сулы-жасыл бульварында мыңдаған ақтөбеліктер жиналды, аймақ Басшысы Бердібек Сапарбаев қала тұрғындары мен қонақтарын мерекелерімен құттықтап, бұл күн халықтар достығының мекеніне айналған көпұлтты Қазақстан үшін еліміздің халықтарының достығы мен келісімін бейнелейтін күн, жаңару мен болашаққа ұмтылу күн екенін атап өтті.
Б.Сапарбаев еліміздің ұлттық бірлігін нығайтуға үлес қосқан 18 этномәдени бірлестіктерге салтанатты түрде алғыс хаттар мен ақшалай гранттар табыстады.
Қала тұрғындары алдында этномәдени бірлестіктер, Ғ.Жұбанова атндағы облыстық филармония, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының шығармашылық ұжымдары, би ансамбілдері өз өнерлерін көрсетті.
Мерекелік жалпы халықтық қыдырулар осы күні ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Саябақта, А.С.Пушкин атындағы және «Ретро» саябақтарында, металлургтер мәдениет Үйі алаңында, қаланың ауылдық округтерінде өтті. Кешке Абай атындағы Бульварда фонтанның салтанатты ашылуы өтті.
Осы күні көптеген спорттық сайыстарда өтті. Ақтөбеде 2004 жылы туылған балалар арасында Ақтөбе облысы әкімінің Кубогіне футболдан ІІ Халықаралық турнир басталды.
Осы күні Бердібек Сапарбаев Астаналық және Қазақстандық митрополит Александрмен кездесті.
Ақтөбеге «Умягчение злых сердец» атты Аса қасиетті Құдай ананың ғажайып бейбітшіл иконасы келді.
Бейне Алматылық Николайдың Кафедралық соборына жеткізіліп, барлық діншіл адамдар қасиетті иконаға бас иді.

Қажылық кезінде Аса қасиетті Құдай ананың бейнесін қазақстандық епархия бойынша Астаналық және Қазақстандық митрополит Александр алып жүреді.

Кездесуге Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов, Оралдық және Ақтөбелік епархиялардың басқарушысы архиепископ Антоний, Талдықорғандық епархияның басқарушысы епископ Нектарий, 1 округ шіркеулерінің басқарушысы архимандрид Дионисий, Ақтөбе облыстық шіркеулерінің басқарушысы иеромонах Нектарий қатысты.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50