Қазақша   Русский

RSS-лента

Мемлекеттік қызметті көрсету басты назарда

«Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығының» бөлім басшылары және «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің ұйымдастыру-қаржылық мәселелері және басқару аппаратының шығыстарын жоспарлау секторының меңгерушісі Р.Ізбасқанованың қатысуымен семинар өткізілді. Аталған шарада мемлекеттік қызметті электрондық нұсқада «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүзеге асыру барысы талқыланды.

Сонымен қатар 2017 жылдың 26 сәуірінде Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ұйымдастыруымен «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында университеттің бітіруші түлектерімен кездесу өтті. Кездесу барысында болашақ мамандарды ауылға көптеп тарту және оларға үкімет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктер мәселесін талқылау, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен бірге, жиналған көпшілік назарына аталмыш мемлекеттік бағдарлама туралы бейнебаян көрсетілді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50