Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде «Мемлекеттік тіл - ұлт тірегі» қалалық тіл фестивалі өтеді

Ақтөбе қаласында 5 мамыр мен 19 мамыр аралығында Ақтөбе қаласы әкімдігі мен «Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ ұйымдастыруымен дәстүрлі «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» қалалық тіл фестивалі өтеді.
Биылғы қалалық тіл фестивалі 2017 жылдың 5 мамыры күні сағат 15.00-де А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінде (Шернияз көшесі,31) Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауымен салтанатты түрде ашылады.
Фестиваль аясында «Тілдарын» үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгерген қала жастарының арасында өткізілетін қалалық байқау, Қазақтың асқақ рухты ақыны Ф.Оңғарсыноваға арналған «Өмірін өлеңмен өрнектеген арулар» атты қыз-келіншектер арасындағы жыр мүшәйрасы ұйымдастырылады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен, басқа да бағалы сыйлықтармен марапатталады. Жоғарғы орынды иеленген жеңімпаздар облыстық, республикалық байқауға қатысатын болады.
Барша қала халқын қалалық тіл фестивалінің ашылуымен құттықтаймыз және осы шараға белсене қатысуға шақырамыз.

«Мемлекеттік Тіл – Ұлт Тірегі» қалалық тіл фестивалі аясында өткізілетін байқаулар кестесі

Шаралар атауы Өтетін мерзімі Өтетін орны
1.

Фестивальдің ашылу салтанаты

Көркемсөз оқу шеберлерінің Абай атындағы қалалық байқауы

5 мамыр

2017 жыл,

сағ. 15.00

А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі

Шернияз көшесі,31

2.

«Тілдарын» үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгерген қала жастарының арасында өткізілетін қалалық байқау

12 мамыр

2017 жыл,

сағ. 10.00

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі

8 март көшесі, 1

3. «Өмірін өлеңмен өрнектеген арулар» қалалық қыз-келіншектер арасындағы жыр мүшәйрасы (Қазақтың асқақ рухты ақыны Ф.Оңғарсыноваға арналады)

19 мамыр

2017 жыл,

сағ. 15.00

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы

11 шағын ауданы, 112

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50