Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарын жаңадан толықтыру үшін әскерге шақырушыларды шығарып салу салтанаты өтті

Бүгін Тәуелсіз Қазақстан әскерінің 25-жылдығының құрылуы мен Отан қорғаушылар Күні қарсанында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Отан қорғау-қасиетті борыш» атты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарын жаңадан толықтыру үшін әскерге шақырушыларды шығарып салу салтанаты өтті.
Ақтөбе облысының жаңа әскерге шақырушыларын шығарып салуға бүгінгі маңызды күнмен құттықтау және өз Отаның қорғап адал және шын беріліп қызмет ету жолдарындағы өз тілектерін білдіру үшін облыс әкімінің орынбасары Ж.Бексары мен Ақтөбе қаласының әкімі І. Испанов, соғыс және еңбек ардагерлері, Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің басшысы, ата-аналар, жақындары, достары келді.
40 жас әскерге шақырушылар, Отанымыздың болашақ қорғаушылары қатарға тұрды. Енді оларға Еліміздегі бейбітшілік үшін тыныштықтың сақталуы бейбіт еңбек және соғыссыз өмірге кепілдік үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі. ҚР әнұраны шырқалды.

Облыс әкімінің орынбасары Ж. Бексары, Ақтөбе облысы қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің бастығы, полковник Сейткерім Арапбаев, Ұлы Отан соғысының ардагері, қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Хамза Қуан Қазиханұлы әскерге шақырушыларға өз тілектерін айтты.
Қапшағай қаласында орналасқан 65476 әскери бөлімінің басшылығының атынан командир орынбасары, полковник Н.Н. Жұмағұлов сөз сөйледі.
Ата-аналар атынан ақ жол тілектері айтылды және әскерге шақырушылар да өз тілектерін айтты.
Шара барысында ерлік және қайсарлық, әскери антты сақтау бойынша жақсы тілектер айтылып, сахнада әртістер әскери және патриоттық әндерді, хареографиялық композицияларды орындады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50