Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде еске алу және гүл шоқтарын қою церемониалы, «Қаһарман ұлт» атты шеру, "Жеңіс салюті" атты отшашу өткізіледі

Ұлы Отан соғысының қатысушыларын және тыл еңбеккерлерін марапаттау бойынша шаралар, кездесулер, мерекелік бағдарламалар, фестивальдер, концерттер, театрландырылған қойылымдар меншік түріне қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің еңбек ұжымдарында, әскери бөлімдерде, оқу орындарында, мектептерде және мектептен тыс ұйымдарда, мәдениет және спорт мекемелерінде және т.б. өткізіледі.
Мереке қарсаңында ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне медициналық көмек көрсету бойынша, үйлері мен пәтерлерін тазалау және тәртіпке келтіру бойынша, жинау және аулаларындағы қоқысты шығару бойынша акциялар ұйымдастырылады.
9 мамыр сағат 9-00-де "Мәңгілік алау" Даңқ обелискі жанында, Батырлар Аллеясында, Ә.Молдағұлованың Мемориалы және ескерткіші жанында, Бауырластар зиратында, "Пушка" белгі-ескерткішінің жанында "Мың тағзым" атты еске алу және гүл шоқтарын қою церемониалы өтеді.
9 мамырда Ақтөбеде «Қаһарман ұлт – Бессмертный полк» атты шеру өтеді. "Қаһарман ұлт - Бессмертный полк" атты шерудің қозғалысы сағат 10-00-де облыс әкімдігінен басталып Әбілқайыр хан данғылы бойымен ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағына дейін жалғасады. Шеруге барлық ақтөбеліктер қатыса алады. Ниет білдірушілер соғысқа қатысқан туысқандарының портреттерімен келе алады. Шеруге қатысушыларды ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты әдеби-музыкалық композициямен қарсы алады.
Қаланың барлық мәдени-демалыс алаңдарында: ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында, А.С.Пушкин атындағы мәдениет және "Ретро" саябақтарында, "Керуен сити" сауда ойын-сауық орталығында, "Металлург" мәдениет Үйінде сағат 11.00 «Жеңісті жақындатқан майдангерлер» атты мерекелік бағдарламамен қаланың мәдениет мекемелерінің, жоғарғы және арнаулы-орта оқу орындарының шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетеді.
Мерекелік бағдарламалар аясында Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі спорттық шаралар ұйымдастырса, ал қалалық кәсіпкерлік бөлімі мерекелік сауданы ұйымдастырады.
"Жеңіс төрінде" атты "Дала асханасы" ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта, "Керуен сити" сауда ойын-сауық кешені және А.С.Пушкин атындағы саябақта ұйымдастырылады.
Мереке кешкі сағат 20.00 ден 22.00-ге дейін ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында жалғасып, эстрадалы-үрмелі музыка оркестрі және "Ақтөбе" вокалды-аспаптар ансамбілі қала тұрғындарына «Жеңіс әні шырқалсын» атты вальс кешін сыйлайды, А.С.Пушкин атындағы демалыс саябағында бард әндерінің тындармандарына "Халықтық" "Рюкзак" бард клубының авторлық әндерінің кеші ұсынылады.
Сағат 22.00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябақта "Жеңіс салюті" атты мерекелік отшашу ұйымдастырылады.

«Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 72 жылдық мерейтойына» дайындық және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы Өткізу мерзімі Өткізу орны
1 Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72-жылдығына арналған «70 добрых дел» атты іс-шаралар 2 сәуір –9 мамыр аралығы Қала мектептері, мектепке дейінгі мекемелер
2 Соғыс және еңбек ардагерлерін құрметтеу, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің, қаза тапқан және қайтыс болған жауынгерлердің жесірлерінің және еңбек майданы ардагерлерінің кездесулерін, құттықтауларын ұйымдастыру сәуір - мамыр Ұйымдар, кәсіпорындар, және қаланың оқу орындары
3 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне үйде медициналық көмек көрсету жөніндегі қалалық акциясы сәуір-мамыр

Тұрғылықты

мекен-жайы бойынша

4

ҰОС қатысушылары мен мүгедектері тұратын аулаларда жиналып қалған қоқысты шығару бойынша тегін қызметтерді ұйымдастыру

сәуір-мамыр

Тұрғылықты

мекен-жайы бойынша

5 «Балаларға соғыс туралы оқып береміз» атты апталық, «Их именами названы улицы Актобе» деректі фильмінің көрсетілімі, «Батыр ерлігі елге мұра, ұрпаққа - ұран!» атты патриоттық сабақтар, «Аңызға айналған   арулар Әлия мен Маншүк ерлігі» атты   деректі фильм көрсету, кітап көрмесіне библиографиялық шолу, ардагерлермен кездесу кештері, мерекелік шаралар 25 сәуір – 10 мамыр аралығында Қала кітапханалары
6 Дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттарын, конкурстар, фестивальдер, мерекелік концерттер, мұражайға саяхаттар, әңгімелер, ертеңгіліктер, танымдық ойындар

2 – 8

мамыр маралығында

Қала мектептері, мектепке дейінгі мекемелер
7 «Мой прадед был солдатом» атты интерактивті сурет көрмесі

3 – 9 мамыр аралығында

Қалалық оқушылар Сарайы
8

«Тағзым саған, Ұлы Жеңіс!» атты кітап көрмесі

3 мамыр

сағ.10.00

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы

9 Стендтік үлгілеу бойынша қалалық байқау

3 мамыр

сағ.10.00

Қалалық техникалық шығармашылық орталығы
10

«Ұлы Жеңіске – мәңгі тағзым» атты кітап көрмесі

4 мамыр

сағ.11.00

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана
11 «Ұлы жеңіске- 72 жыл» атты балалар шығармашылығының көрмесі

4 мамыр

сағ.11.00

Балалар және жасөспірімдер шығармашылық Үйі
12 «Жеңіс Күні» атты шығармашылық жұмыстардың көрмесі

4 мамыр

сағ.11.00

Қалалық техникалық шығармашылық орталығы
13 Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің «Жалынды жылдар жаңғырығы» атты кездесу

4 мамыр

сағ.11.00

№6 ОМ
14 «Ұлы Жеңіс – ер мен елдің жеңісі» атты тәрбие сағаты

4 мамыр

сағ.12.00

Көпсалалы «Болашақ» колледжі
15 Қала мектептері оқушыларының «Естелік вахтасы» (бөлек жоспар бойынша) 5 – 9 мамыр

«Даңқ» обелискі

Ә. Молдағұлова мемориалды кешені

«Батырлар аллеясы»

«Зеңбірек»

естелік белгісі

Ә.Молдағұлованың естелік-бюсті

16 «Ортақ Жеңіс» атты фото - көрменің апталығы

5-9 мамыр аралығында

сағ.11.00

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана
17

«Еңсесі биік – ұлы Жеңіс!» атты онкүндіктің ашылуы

5 мамыр

сағ.11.00

Облыстық планетарий

18 «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында оқушылармен «Батырлар аллеясына» саяхат

5 мамыр

сағ.15.00

Батырлар аллеясы
19 «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты мерекелік концерт

5 мамыр

сағ.11.00

№1 Балалар музыка мектебі
20 «Отан үшін- от кешкендер» атты мерекелік концерттік бағдарлама

5 мамыр

сағ.11.00

Қалалық қазақ зағиптар қоғамы мәдениет Үйі
21 «Живет в народе память о героях!» атты ҰОС батырлары Е.К.Мазковтың             (95 жылдығы), Н.Г.Папиловтың               (95 жылдығы), М.С.Прохоровтың           (100 жылдығы), И.У.Гриньконың             (95 жылдығы), К.Я.Губиннің                 (115 жылдығы), А.С.Гуцалоның             (100 жылдығы), Т.К.Щербаневтің           (95 жылдығы), И.Ургенишбаевтың       (105 жылдығы) мерейтойларына арналған батырлар ұрпақтарымен салтанатты кездесу

5 мамыр

сағ.11.00

Батырлар аллеясы
22 «Еңсесі биік – Ұлы жеңіс» атты ашық тәрбие сағаты

5 мамыр

сағ.12.00

Көпсалалы «Болашақ» колледжі
23 «Ардагерлерге – мың алғыс!» атты   ардагерлермен кездесу кеші

5 мамыр

сағ.13.00

Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі
24 «Ұрпаққа үлгі болған –Ұлы Жеңіс» атты ауызша журнал

5 мамыр

сағ.15.00

Облыстық арнаулы есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернаты
25

«Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың» ерлік сағаты (Совет Одағының батыры І.Үргенішбаевке 105 жыл)

5 мамыр

сағ.15.00

«Зеңбірек» ескерткіш-белгісі
26 «Тарихи ұлы Жеңіс» атты салтанатты бағдарлама

6 мамыр

сағ.11.00

Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі
27 «Поклонимся великим тем годам» атты қазақ камералық хор ұжымының концерті

6 мамыр

сағ.16.00

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония

28 Балалар арасында ушу-туйшоудан қала біріншілігі

7-8 мамыр

сағ. 11.00

«Гранд» СҮ
29 «Никто не забыт ни что не забыто» мерекелік концерт

7 мамыр

сағ.14.00

Қазақстан халқы Ассамблеясы
30 «Аққу» би ансамблінің «Қаһарман қыз» атты мерекелік концерт

7 мамыр

сағ.16.00

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония
31 «Сороковое - роковое» атты композиция

7 мамыр

сағ. 18.00

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры
32 «И помнит мир спасенный...» атты сурет көрмесі

8 мамыр

сағ.10.00

Қалалық көркемсурет лицейі
33 «Әрқашан күн сөнбесін!» атты ақындар мүшайрасын өткізу

8 мамыр

сағ.11.30

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
34 «Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі» атты ардагерлермен кездесу

8 мамыр

сағ.12.00

№3 Балалар музыка мектебі
35 «Жадымызда жаңғырығы Жеңістің» атты театрландырылған  мерекелік бағдарлама

8 мамыр

сағ.12.00

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
36 «Праздник победы» атты камералық оркестрдің концерті

8 мамыр

сағ.17.00

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония

37 «Жастықтың жалыны» атты ретро концерт

8 мамыр

сағ. 20.00

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы
38 «Мың тағзым» атты Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткіштеріне гүлшоқтарын қою, еске алуға арналған салтанатты рәсім

9 мамыр

сағ. 9.00

«Даңқ» обелискі

Ә.Молдағұлованың

Мемориалдық кешені

Батырлар Аллеясы

Ә.Молдағұлованың

Бюсті

«Зеңбірек» ескерткіші

Бауырластар зираты

39 «Қаһарман ұлт - Бессмертный полк» атты шеру

9 мамыр

сағ. 10.00

Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы облыс әкімдігінің алаңынан бастап ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағына дейін

40 «Жеңісті жақындатқан майдангерлер» атты театрландырылған мәдени-көпшілік шаралар. Халықтық қыдырулар.

9 мамыр

сағ. 11.00

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы

«Керуен сити» ССО

Пушкин атындағы мәдениет және демалыс саябағы

«Ретро» саябағы

«Металлург» мәдениет Үйі

41 «На привале» атты солдат асханасының жұмысын ұйымдастыру, мерекелік бағдарлама

9 мамыр

сағ. 11.00

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы

«Керуен сити» ССО

Пушкин атындағы мәдениет және демалыс саябағы

42 «Жырлаймыз   Ұлы Жеңісті» атты мерекелік концерт

9 мамыр

сағ. 11.00

Қурайлы қалалық мәдениет Үйі
43 «Ерлікке мың тағзым!» атты мерекелік концерт

9 мамыр

сағ. 11.00

Сазды қалалық мәдениет Үйі
44 «Ұрпаққа ұран – Ұлы Жеңіс» атты мерекелік бағдарлама

9 мамыр

сағ. 11.00

«Жеңіс» саябағы
45 2003, 2004 ж.т. балалар арасындағы футболдан     мектеп біріншілігі

9 мамыр

сағ. 11.00

Олимпиада резервін даярлау бойынша облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі
46 Ат спортынан мектеп біріншілігі

9 мамыр

сағ. 11.00

№ 10 Ат спорты түрлері бойынша облыстық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі
47 Үстел теннисінен ашық турнир

9-10 мамыр

сағ. 11.00

Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі
48 Тоғызқұмалақтан қала біріншілігі

9-10 мамыр

сағ. 11.00

№1 ОБЖСМ
49 Б. Васильев «Таң алдындағы тыныштық» қойылымы (қазақ труппасы)

9 мамыр

сағ. 18.00

Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры
50 «Жеңіс әні шырқалсын» атты эстрадалық үрмелі аспаптар оркестрі мен «Ақтөбе» вокалды аспаптар ансамбілінің мерекелік кешкі бағдарламасы

9 мамыр

сағ. 20.00

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы
51 «Жеңістің нұрлы кеші» атты «Рюкзак» бард клуб ұжымының авторлық ән кеші

9 мамыр

сағ. 20.00

Пушкин атындағы мәдениет және демалыс саябағы
52

«Жеңіс салюті» - атты мерекелік отшашу

9 мамыр

сағ.22.00

ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50