Қазақша   Русский

RSS-лента

7 мамыр - Отанды қорғаушылар күніне және 9 мамыр - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізу кезіндегі жол қозғалысын жабу және жол қауіпсіздігі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Ақтөбе қаласында 7 мамыр - Отанды қорғаушылар күніне және 9 мамыр - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шаралар өткізілуіне байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылғы 4,5 мамырда сағат 19-00-дан бастап сағат 21-00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойынша В.Пацаев көшесінен «Айна» СҮ дейінгі, және Абай даңғылы бойынша Әбілқайыр хан даңғылынан Есет батыр көшесіне дейінгі аралықта мерекелік дайындыққа барлық көлік түрінің қозғалысы жабылсын;
2. 2017 жылғы 7 мамырда сағат 08-00-ден бастап сағат 14-00-ке дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойынша В.Пацаев көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылы дейінгі, және Абай даңғылы бойынша Әбілқайыр хан даңғылынан Есет батыр көшесіне дейінгі аралықта барлық көлік түрінің қозғалысы жабылсын;
3. 2017 жылғы 9 мамырда сағат 08-00-ден бастап сағат 13-00-ке дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойынша В.Пацаев көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылы дейінгі, Ә.Молдағұлова даңғылынан 101 Атқыштар бригадасы көшесіне дейінгі, 101 Атқыштар бригадасы көшесінен М.Оспанов көшесіне дейінгі, М.Оспанов көшесінен Ғ.Жұбанова көшесіне дейінгі, Ғ.Жұбанова көшесіне М.Мәметова көшесіне дейінгі және Абай даңғылы бойынша Әбілқайыр хан даңғылынан Есет батыр көшесіне дейінгі аралықта барлық көлік түрінің қозғалысы жабылсын;
4. Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының ҚЖТИ-ға «Табыс Актобе» ЖШС-мен бірге осы учаскеде тиісті белгілер мен қоршаулар қоюға ұсыныс жасалсын.
5. «Ақтөбе қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, «Ақтөбе қаласының жолаушы-автокөлік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге параллель көшелер бойынша қоғамдық көлік қозғалысының уақытша сызбасын әзірлесін және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ж.Б. Баирхановқа жүктелсін.

Қала әкімі
І.Испанов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50