Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласының жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің 2017-жылғы оқу-далалық жиынының өткізілуі туралы

Қазақстан Республикасының «әскери қызмет және әскери қызметшілер мәртебесі туралы» № 561-VI 16.02.2012 жылғы Заңына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің және Білім және Ғылым Министрлігінің 19.12.2014 жылы қабылдаған № 606 «Алғашқы әскери даярлық сабағын оқу-материалдық базасын қалыптастыру туралы» бірлескен бұйрығына, Ақтөбе қаласының әкімінің «2016-2017 оқу жылында Ақтөбе қаласының жалпы орта білім беретін орта мектептері оқушыларымен оқу-далалық жиындарын өткізу туралы» № 1201 24.03.2017 жылғы қаулысына сәйкес, және қалалық білім бөлімінің 10.04.2017 жылғы № 539 бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қаласының білім бөлімі мен қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы қаланың жалпыға бірдей білім беретін мектептерінің 10- класс оқушыларымен оқу-далалық жиынын өткізу жоспарын жасап ұйымдастырды. «Достық» әскери-спорттық сауықтандыру лагерінде өткізілетін екі ауысымдық оқу-далалық жиынына 11-14 мамыр және 15-18 мамыр аралығында 1242 оқушы ер балалар қатыстырылады. (11- 14 мамыр аралығында- 651 оқушы және 15-16 мамыр аралығында- 591 оқушы).
Медициналық-даярлық сабақтарына 1622 қыз бала және денсаулығына байланысты оқу-далалық жиынынан босатылған 140 ер бала қатыстырылады. Медициналық-даярлық сабақтары мектептердің өз базаларында ұйымдастырылады.
Оқу-далалық жиыны кезіндегі әскери- спорттық сауықтандыру лагерінің уақытша басшы құрамы жасақталды. Әскери-спорттық лагерінің бастығы міндеті ҚББ АӘД пәнінің әдіскері капитан С.Сражға жүктелді.
Сонымен қатар әскери жетекшілер құрамынан батальон, рота, взвод командирлері тағайындалды.
Оқу-далалық жиыны кезіндегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қаласының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кезекшілігі ұйымдастырылады.
Оқушыларды автокөлікпен «Достық» лагеріне және кейін тасымалдау «Сұңқар» ЖК автокөліктерімен ұйымдастырылады.
1-ші ауысымда (11-14 мамыр аралығында) 6 (алты) «Икарус автобусы және 1 (бір) «ПАЗ» автобусы.
2-ауысымда (15-18 мамыр аралығында) 5 (бес) «Икарус» автобусы және 2 (екі) «ПАЗ» автобусы.
Оқушыларды автобустармен тасымалдау кезіндегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің жұмысы ұйымдастырылды.
Оқу-далалық жиыны кезінде оқушыларды тамақтандыру мақсатында түскі ас сағат 12.30 және 13.30 аралығында өткізіледі. Сағат 16.00-16.45 аралығында бесін тамағы.
Жиынның 1- күні оқу-далалық жиынының салтанатты ашылуы және тактикалық дайындық тарауы бойынша сабақтар өткізіледі.
2- күні Атыс даярлығына тарауына сәйкес Калашников автоматынан атыс жүргізіледі. Калашников автоматынан атыс жүргізу жакапкершілігі қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасына жүктелді.
Атыс қаруымен және атыс патрондарымен 30238 әскери бөлімі қамтамасыз етеді. Автоматтан атыс жүргізу 6655 әскери бөлімінің атыс полигонында (Акжар елді-мекені) жүргізіледі. Бірінші ауысымда 12- мамыр күні, сағат 10.00- 16.00 аралығында. Екінші ауысымда 16- мамыр күні, сағат 10.00-16.00 аралығында.
3-күні Азаматтық қорғаныс тарауы бойынша және әскери қызмет негіздеріне сәйкес сабақтар өткізіледі.
4-күн. Әскери топография тарауына сәйкес сабақтар және оқу-далалық жиынының салтанатты жабылуы жүргізіледі.
Оқу-далалық жиыны кезінде АӘД пәнінің бағдарламасына сәйкес әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар өткізіледі. Бұл жарыстарды қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі ұйымдастырады.
1. 1000 метрге жүгіру;
2. Биік кермеге тартылу;
3. 100 метрге жүгіру.
Медициналық-санитарлық даярлық сабақтарының ұйымдастыру мақсатында 10- класс оқушылары қыз балаларымен және денсаулығы бойынша оқу-далалық жиынынан босатылған ер балалармен ұйымдастырылатын медициналық-санитарлық даярлық сабақтары мектептердің өз базаларында мектептің медициналық қызметкерлерінің күштерімен ұйымдастырылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50