Қазақша   Русский

RSS-лента

6 мамыр күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді

Қаламыздың тұрғындары көп шоғырланған аудандарында, сондай-ақ қалаға қарасты ауылдық округтерде әр сенбі сайын көшпелі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жалғасуда.
Кестеге сәйкес кезекті жәрмеңкелер 6 мамыр күні Қарғалы, Благодар ауылдық округтерінде, 12 шағын ауданында (Халық банк жанындағы автотұрақ), «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында (орта мектептің алаңы), «Алтай» және «Заречный» базарларында өтеді.
Қала тұрғындарына жәрмеңкелерде тұрақтандыру қорының тауарлары, өңіраралық кооперация шеңберінде басқа өңірлерден жеткізілген тауарлар және өзіміздің жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен жылыжай шаруашылықтарының өнімдері ұсынылады («Айс плюс», «Анвар», «Базарларды басқару», «Ақтөбе Жылыжай», «Изет Гринхаус», «Рокос», «Жазык Групп» ЖШС және т.б.).
Жәрмеңкелерде азық-түлік өнімдері базар бағаларынан 10-15 пайызға төмен сатылады. Қала тұрғындарын аталмыш жәрмеңкелерге келіп, қажетті азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алуға шақырамыз.

Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50