Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе облысында Ұлы Жеңістің 72 жылдығын тойлауда

Соғыс жылдарында қаза тапқандарды еске алуға арналған 72-ші салтанатты шеру Ақтөбе қаласы мен облыстың барлық аудандарында өтті.

9 мамырда "Мəңгілік алау" даңқ ескерткіші алаңына соғыс жəне еңбек ардагері, əскерилер, қала тұрғындары жəне тағы басқалар жиналды. Олардың əрқайсысы еркіндікті қорғап, ұрпақтарына бейбіт аспан сыйлаған Отан қорғаушыларға бас иіп, құрмет көрсетуге келді.

Жиналғандар соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев даңқ ескерткіші мен Кеңес Одағының батыры Əлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Дəстүр бойынша облыс орталығында Мəңгілік даңқтың шеруі өтіп, қолдарына гүл шоқтары мен фашизмге қарсы соғысқан жандардың суреттерін ұстаған 20 мыңнан астам адам орталық даңғылдың бойымен жүріп өтті.

- Жеңіс күні - бұл алқымыздың батырлығы мен ержүректілігінің нышаны болған мереке. Біз Отанымыздың тəуелсіздігін қорғаған əкелеріміз бен аталарымыздың ерлігіне бас иіп, мақтан тұтамыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен барлық ардагерлер баспанамен, шипажайлық сауықтырумен, дəрі-дəрмекпен қамтылған. Бұл біздің олар үшін жасағандарымыздың шамалы бқлігі ғанаБіз Жеңіс сыйлаған жауынгерлердің алдында борыштармыз. Құрметті ардагерлер, тыл еңбеккерлері сіздерге ерліктеріңіз үшін алғыс айтамыз. Жеңіс үшін алғыс айтамыз,-деді облыс əкімі соғыс əскерлеріне қарата айтқан сөзінде.

Əртістердің көрінісінен соң барлығын дала асханасының шатырында жауынгер ботқасынан дəм татуға шақырды.

Жеңіс мерекесіне орай арнайы ат жарыстар ұйымдастырылды.

Белгілі болғандай, ҰОС жылдарында Ақтөбе облысынан 122 мың ақтөбелік майданға аттанған. 36 мың 192 жауынгер ақыры үйлеріне оралмады. Ақтөбеде атақты 312 атқыштар дивизиясы мен 101 жеке атқыштар бригадасы құрылды. 35 ақтөбелік өздерінің теңдесі жоқ ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атағын иеленді.

Бүгінде Ақтөбе облысында Ұлы Отан соғысының 92 қатысушысы мен мүгедегі түрады.

www.aktobe.gov.kz

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50