Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе және Орал вокзалдарында жолаушыларды және қол жүгі мен жүктерді тексеру рәсімінің енгізілуі туралы ақпарат

Құрметті жолаушылар!
Темір жол вокзалдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес, 2017 жылдың 1 маусымнан бастап Ақтөбе, Орал темір жол вокзалдарында жолаушыларды, қол жүгі мен жүктерін тексеру рәсімі енгізіледі.
Тексеру рәсімі жолаушыларды вокзал ғимаратының кіре берісі мен шыға берісінде орнатылған доға тәріздес металл детектірдан өткізу арқылы іске асырылады, ал олардың қол жүктері мен жүктері рентген-телевизия қондырғысы арқылы тексеріледі.
Вокзал ғимаратына кіруге қажеттілік болмаған жағдайда жолаушы перронға вокзал ғимаратын айналып өте алады.
Жүктер мен қол жүгінде суық қару, дәрімен атылатын қару, өрт қауіпсіздігі, улы зат тұтағыш, жарылғыш, иісі жағымсыз, ащы заттар, сұйық және қысылған газ бен басқа да алып жүруге тыйым салынған қауіпті заттар болмауы тиіс.
Құрметті жолаушылар! Сіздерден тексеру рәсімнің өту және поезға уақытында отыру үшін вокзалға алдын ала келулеріңізді сұраймыз.
Қазақстан темір жолы тарапынан осы жоба Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес іске асырылып отыр және сізге біздің қызметімізді қолданғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50