Қазақша   Русский

RSS-лента

Жұмыспен қамту орталығының жұмыскерлері ХҚКО кеңес береді

Ағымдағы жылдың наурызынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің 17 бөлімінде, әлеуметтік бағыттағы мемлекеттік қызметті көрсететін аумақтық жұмыспен қамту орталығының жұмыскерлері қызмет жасайды. Жұмыспен қамту орталығының мамандары міндетті медициналық сақтандыруға қатысты кеңес береді. Сонымен, ХҚКО-на келген әрбір азамат медициналық сақтандыруды ресімдеу процесі, тұрақты жұмыс орнына орналастыру, оқу орындарының түлектерін жастар тәжірибесіне жіберу, еңбек нарығында және қоғамдық жұмыстарда талап етілетін мамандықтар бойынша қайта даярлауға жіберу бойынша толық қамтылған жауапты алу мүмкіндіктері бар.
Атап өтетін жайт, медициналық сақтандыруды ресімдеу үшін азаматтың әлеуметтік жағдайы туралы ақпаратты алу қажет. Қазіргі таңда, өзінің әлеуметтік жағдайын «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департамент бөлімдерінің қоғамдық қолжетімді пункты және egov.kz. электрондық үкімет Порталы арқылы білуге болады. Бірінші жағдайда, жақын жердегі «ХҚКО» бөліміне, жеке куәлігіңізбен жолығу қажет, екіншіден, egov.kz. порталында авторизациялап және «Әлеуметтік жағдайды тексеру» қызметін таңдау қажет.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50