Қазақша   Русский

RSS-лента

15 мамырда Ақтөбеде Халықаралық отбасы күніне арналған шаралар өтеді

10 және 15 мамыр аралығында Халықаралық отбасы күнін мерекелеу аясында қаланың білім беру мекемелерінде, Соның ішінде мектептерде, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде «Отбасым – бақыт мекенім!» атты класс сағаттары, байқаулар, дөңгелек үстелдер, спорттық ойындар, концерттік бағдарламалар және суреттер байқауы өткізіледі.
15 мамырда көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларын салтанатты табыстау рәсімі өтеді. Сонымен қатар, осы күні сағат 10:00-де Қурайлы мәдениет үйінде «Отбасы күнімен» атты мерекелік шара өткізіледі.
Бұдан басқа, спорттық шара жоспарланған, олимпиада резервін даярлау Орталығында сағат 10:30-да «Әкем, анам және мен» атты сайыс ұйымдастырылады, шараға бесінші класстың оқушылары және ата-аналары қатысады.
Сағат 15:00 де «Геолог» мәдениет үйінде Қарғалы селолық округінің жас талантты отбасылары арасында «Жұлдызы жарасқан жұптар!» атты байқау өткізілсе, ал Сазды мәдениет үйінде «Шаңырақ шуағы» атты батыр аналар және тыл еңбекерлерімен кездесу ұйымдастырылады.
Сағат 16:00 де Қалалық қазақ зағиптар қоғамының мәдениет үйінде «Құрдастар» клубының демалыс кеші өткізіледі.
Ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, 15 мамыр сағат 15:00-де Ақтөбе қаласының АХАЖ бөлімінде Батыс Қазақстан медиация және келісім процессі орталығының медиация кабинетінің ашылуы өтеді.
Кешкі сағат 20:00-де барлық ақтөбеліктерді және қала қонақтарын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағында өтетін «Отбасы – алтын діңгек!» атты мерекелік бағдарламаға шақырамыз.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50