Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Лаззат Уразбаева көпбалалы аналарды құттықтады

Бүгін Халықаралық отбасы күні мерекесі аясында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Лаззат Уразбаева көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» үкіметтік наградаларымен марапаттады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлықтарына сәйкес, Ақтөбе қаласы бойынша көпбалалы аналар Үкіметтік награда «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды.

«Алтын алқа» белгісінің иелері:
1. Абдраманова Алия Султанбаевна (1973 ж.т.)
2. Жумагалиева Гулмира Кенгесовна (1977 ж.т.)
3. Наурызбаева Жанар Сайдуадимовна (1980 ж.т.)
4. Омарова Гүлсім Берекетқызы (1980 ж.т.)
5. Оразбахова Махаббат Алмахановна ( 1974 ж.т.)
6. Тулегенова Людмила Павловна (1981 ж.т.)

«Күміс алқа» белгісінің иелері
1. Аманбаева Тогжан Кабылжановна (1984 ж.т.)
2. Андызбаева Орынкул Кожабаевна (1973 ж.т.)
3. Баймагамбетова Динара Казиевна (1986 ж.т.)
4. Бекмағамбетова Әлима Аманжолқызы (1985 ж.т.)
5. Ербатырова Жанар Меңдіғалиқызы (1977 ж.т.)
6. Жумагазиева Кулзира (1947 ж.т.)
7. Иманалина Сабырлы Кәдірғалиқызы (1946 ж.т.)
8. Калиева Алмагуль Амандыковна (1979 ж.т.)
9. Кубенова Инара Алмасовна (1988 ж.т.)
10. Мурзагулова Мадина Ургенишбаевна (1979 ж.т.)
11. Реймбаева Эльмира Сагаддиновна (1982 ж.т.)
12. Султанова Роза Кадировна (1981 ж.т.)
13. Тажигалиева Айнагул Сагиевна (1974 ж.т.)
14. Турганбаева Динара Ниязбековна (1984 ж.т.)

Лаззат Уразбаева көпбалалы аналарды мерекемен, алған наградаларымен шын жүректен құттықтап, ана-әйелдің бала тәрбиесіндегі және қоғамдағы жоғары рөлін атап өтті. Әйелдерге және олардың отбасыларына шын ниетпен зор денсаулық, отбасылық бақыт және игілік тіледі.
Әрбір әйел құттықтаулармен қоса отбасылық дастарханына мерекелік сыйлықтар мен гүлдер алды.

Мәлімет үшін Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында барлығы 7 335 көпбалалы аналар тұрады. Оның ішінде «Алтын алқа» белгісінің иегерлері – 1248, «Күміс алқа» иегерлері – 1603, «Батыр ана» - 283, «Ана даңқы» 1, 2, 3 дәрежедегі –320, төрт және одан да көп балалылар – 3881.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50