Қазақша   Русский

RSS-лента

Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі желісінің «Азаматтардың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйге ағымдағы жылдың 10 мамыр айы мен 9 маусым айы аралығында өтініштер қабылданатын болады

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ тұрғын үй қорын есепке алу секторыТұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі желісінің «Азаматтардың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша«Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданында салынып жатырған 1278 пәтерлік 6 тұрғын үйге өтініштер қабылданып жатырғандығын хабарлайды. Тұрғын үй құрылысының аяқталу уақыты – 2017 жылдың қыркүйек айы.
Өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 10 мамырынан бастап 9 маусымына дейін электрондық нұсқада банктің www.hcsbk.kz интернет ресурсында жүргізіледі.
Өтініш беру кезінде қатысушы қандай алаңға және қанша бөлмеге үміткер екенін көрсетуі қажет. Кезек әртүрлі алаңға сәйкес құрылады.
Аталған пәтерлер бойынша үміткерлердің тізімі өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін жинаған балына сәйкес Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкімен құрылатын болады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50