Қазақша   Русский

RSS-лента

Тұрғын үй қорын есепке алу секторы хабарландырады!

Қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторы жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтардан «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамының тұрғын үйі бағыты бойынша25 мен 31 мамыр айына дейін қосымша өтініштер қабылданатындығын назарларына салады.
Қазіргі уақытта төмендегідей бос пәтерлер бар:
«Батыс-2» мөлтек ауданынан жалпы алаңы 42,9-52,4 шаршы метр болатын 1 бөлмелі пәтер – 62 дана;
11 мөлтек ауданынан (Арай тұрғын үй кешені) жалпы алаңы 47,70-53,20 шаршы метр болатын 1 бөлмелі пәтер – 33 дана;
Ә.Молдағұлова даңғылы, 56 үй мекен-жайынан (Золотой квартал тұрғын үй кешені) жалпы алаңы 59,8-84 шаршы метр болатын 2 бөлмелі пәтер – 70 дана;
Бағдарламаға тек жергілікті атқарушы органда «Көп балалы отбасылар»; «Толық емес отбасылар»; «1 және 2 топ мүгедектері»,«Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар»; «Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар»; «Оралмандар», «Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдар» санаттары бойынша кезекте тұрған азаматтарқатыса алады.
Барлық үміткерлер өтініш берген алаң бойынша төлем қабілеттіліктерін растаулары тиіс.
Кезектегі азаматқа өтініш беру үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық-санды қолтаңба алып, электрондық үкімет порталына кіру және “Жылжымайтын мүлік” бөлігіндегі “Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй алу үшін І және ІІІ топтағы азаматтардан өтініштер мен құжаттарды қабылдау” қызметін таңдауы қажет.
Аталған қызметке тапсырыс беру кезінде тармақтардағы сұрақтарға жауап беру қажет (тіркелген жері туралы мәлімет, өзінде және отбасы мүшелерінде тұрғын үйінің жоқтығы туралы мәлімет, байланыс телефондары және электрондық поштасы) және қажет кезінде алдын-ала сканерленген құжаттарды бекіту қажет.
Бюджеттік салдадағы қызметкерлер сканерленген жұмыс орнының анықтамасын, ал тұрғын үйде үлестері бар азаматтар соған сәйкес сканерленген құжаттарын бекіту керек.
Назарларыңызға: балалардың тууы туралы куәліктерін, неке қию туралы куәлігін (неке бұзу, № 4 нысандағы анықтама, әкесі деп тану туралы куәлік) 2008 жылға дейінгі құжаттар міндетті түрде сканерленіп бекітілуі қажет.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50