Басып шығаруға арналған нұсқасы

19-20 мамырда Ақтөбеде республикалық ақындар айтысы өтеді

Published: 16 Мамыр 2017
459 рет

19-20 мамырда Студенттер Сарайында Ақтөбе облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай «Ақтөбем менің, еңселі, жырыма қосам мен сені!» атты республикалық ақындар айтысы өтеді. Айтыстың басталуы сағат 11-00 де.
Ақындар айтысы «Нұр Отан» партиясы, Ақтөбе облысы әкімдігі және облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды.
Жыр додасына Ринат Зайытов, Мұхтар Ниязов, Еркебұлан Қайназар, Жансая Мусина, Аспанбек Шұғатаев, Дидар Қамиев, Ершат Қайболдин, Аян Сейтов, Қайнар Алагөзов және т.б. қатысады.
Анықтама телефондары: 56-85-48, 55-11-30.