Қазақша   Русский

RSS-лента

Су тасқынынан зардап шеккен отбасыға пәтер кілті табысталды

Қала әкімдігінде Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың қатысуымен көктемгі су тасқыны кезеңінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету бойынша кезекті қайырымдылық шарасы болып өтті.
Аталған кеңеске мұқтаж жандарға бірлесе пәтер алған Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұлов және ақтөбелік белгілі кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Бақытжан Ержанов қатысты.
Аталмыш тұлғалар су тасқынында зардап шеккен I топтағы мүгедек Ерболат Жамиевке 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады. «Госветсеть» бау-бақша ұжымында 6 баласымен тұрған Жамиевтер отбасының үйі одан әрі пайдалануға келмейді.
Сонымен қатар, су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға «Қолғанат Ақтөбе» қоғамдық қорынан қаржылай көмек көрсетілді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50