Қазақша   Русский

RSS-лента

Н. Нығматулин: Мәжіліс терроризмге қарсы заңнамаларды күшейтеді

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ақтөбе қаласында Палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған көшпелі отырыс жұмысына қатысты. Шара «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын-алуды күшейту, сондай-ақ, осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі шаралар» тақырыбына арналды. Көшпелі отырыстың ашылуында сөз алған Мәжіліс Төрағасы бейбітшілікті қорғау, тыныштықты сақтау және татулықты күшейту бабаларымыздан келе жатқан қасиетті жол екенін, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрған тәуелсіз Қазақстанымыздың ең басты мұраты да осы екенін алға тарта келіп, тәуелсіздік алған күннен бастап елімізде қауіпсіздікті нығайту жолында атқарылып келе жатқан шараларға тоқталды. Әсіресе, заңнамалық тұрғыдан қолдау мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Атап айтар болсақ, елімізде «Терроризмге қарсы іс-қимыл» заңы қабылданды, өткен жылы тікелей терроризм мен экстремизм сұрақтарына қатысты заңнамаларға бірқатар өзгерістер енгізілді. Оған Парламент депутаттарымен қатар, тиісті орган өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен Мәжіліске кірмеген барлық партияның мүшелері, журналистер және елімізге белгілі саясаткерлер мен сарапшылар қатысып, қоғамдық ортада кеңінен талқыланды. Нәтижесінде қазақстандықтардың құқығын, қауіпсіздігін қорғауға бағытталған сапалы заң қабылданды. Сонымен бірге, Қазақстанда терроризммен күрес жөніндегі арнайы комиссиялар да бар. Басқа да мемлекеттік деңгейде үлкен шаралар қолға алынды. Н. Нығматулин атап өткендей, соның нәтижесінде біздің еліміз көптеген конфессиялар мен ұлттардың бейбіт орталығына айналды. Бірақ та, «жаман айтпай – жақсы жоқ», қазіргі уақыт өте сақ болуды талап етеді. -Осыған орай Елбасымыз өзінің Жолдауында терроризм менэкстремизмнің жолын кесу үшін нақты тапсырмалар берді. Ендігі әрекетіміз - тыныш өмірді бұзатын ұйымдарға қарсы күресті күшейтуіміз қажет. Қазіргі уақытта ақпарат құралдарында және интернетте діни экстремизмнің алдын-алу жұмыстарын жүргізіп, халықтың ішінде, жастар арасында ел тыныштығын қорғау, одан әрі дамыту жолында тәрбие жұмыстарын қолға алуымыз керек. Бұл ретте Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының маңызы өте зор,-деп атап өтті Мәжіліс Спикері. Көшпелі отырысқа Үкімет, Бас Прокуратура, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің өкілдері, жергілікті атқарушы орган басшылары, қоғамдық ұйымдар, діни бірлестіктер мүшелері, теологтар мен сарапшылар қатысуда.
Н. Нығматулин: Діни экстремизммен бүкіл қоғам болып күресуіміз керек
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин діни экстремизммен күрес мәселесінде барлық қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, мемлекеттік органдар бірлесе жұмыс жасауы керек. Ол тек құқық қорғау органдарының ғана емес, баршаның ортақ міндеті деп есептейді. Бұл туралы Палата Спикері Ақтөбеде өткен Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті ұйымдастырған көшпелі отырыс жұмысын қорытындылау кезінде атап өтті. Өз сөзінде: - Елбасымыз әрқашанда мемлекетіміздің қауіпсіздігіне ерекше назар аударып келеді. Биылғы Жолдауында да осыған байланысты нақты тапсырмалар берілді. Олардың барлығын сапалы заңдармен қамтамасыз ету Парламент депутаттарының басты міндеті. Сондықтан, бүгін біз мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және дін өкілдерімен бірлесіп, маңызды ұсыныстарды талқыладық,- деді. Бұл айтылғандар Үкімет алдағы күзде Парламентке енгізуге жоспарлап отырған діни қызмет мәселелері жөніндегі заң жобасына түзетулер енгізу барысында баса назарға алынбақ. Осы орайда Мәжіліс Спикері алдағы уақытта да бүкіл қоғам болып, экстремизм мен терроризмге қарсы барлық мүмкіндікті, барлық күшті біріктіре отырып, Елбасы тапсырмасына сәйкес, өте сапалы, өте тиімді заң жобасын әзірленетіндігіне сенім білдірді.

http://www.parlam.kz/kk/mazhilis/news-details/id33694/1/1

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50