Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласы бойынша 2017 жылдың 19 мамырына көктемгі далалық жұмыстары туралы ақпарат

Қаламызда 45 шаруашылық көктемгі далалық жұмыстарын 3 мамыр күні бастап кетті. Қазіргі таңда 2 егіс кешені, 37 трактор, 21 көліктер егіс алқабында жұмыс жасап жатыр. Шаруашылықтар ауыл шаруашылық жерлерін кеңінен қолдану мақсатында ағымдағы жылы барлығы 27,1 мың га алқапқа егін егу жұмыстарын жүргізіп жатыр, оның ішінде, дәнді – дақылдар 9,5 мың га; майлы дақылдар 2,0мың га; мал азығы дақылдары 12,4 мың га; 1767 га картоп; 1335 га көкөніс; 71 бақша дақылдары.
19 мамыр күнгі ақпарат бойынша шаруашылықтар жоспарланған егіс алқабы тапсырмасының дәнді-дақылдардан - 6433 га немесе 67 %(жоспар бойынша); майлы дақылдардан – 1788 га немесе 89 %(жоспар бойынша); мал азығы дақылдарынан – 8157 га немесе 65 %(жоспар бойынша; картоп – 1177 га немесе 66 %(жоспар бойынша, көкөніс пен бақша дақылдарынан – 868 га немесе 67 %(жоспар бойынша)орындап отыр.
Шаруашылықтар тұқымдар мен көктемгі далалық жұмыстарға қажетті жанар жағар маймен толықтай қамтылған. Жанар-жағар май бағасы 1 литрі-116 теңге.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50