Қазақша   Русский

RSS-лента

Астанада ЭКСПО-2017 аясында Ақтөбе облысының күндері өтеді

Бұл туралы "Ақтөбе ақпарат" орталығында өткен баспасөз мəслихатында Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар жəне туризм басқармасы басшысы Ермек Кенжеханұлы мəлімдеді.
Оның айтуынша, "Қазақстан" ұлттық павильонының "жасыл" экономика жобасын мазмұнды жəне тақырыптық жағынан толықтыруды қамтамасыз ету мақсатында өңірде əрекет етіп жатқан жəне жүзеге асырылатын "жасыл" экономика саласындағы алты жоба таңдалып алынған. Олардың қатарында "Izet greenhouse" жылыжай кешені, "Талан технолоджи" ЖШС-нің тозған шиналарды кəдеге жарату жəне еден жабындысын шығару жобасы, "Союз гранд" ЖШС қоқыс сұрыптау кешені, қуаттылығы 100 МВт болатын "Кемпірсай" жел электрлі бекеті мен инвестиция көлемі 68 млрд теңге болатын "Kimpersay energy" ЖШС, "Юнайтед энерджи Актобе" ЖШС-нің жел генераторларын шығаратын зауыты, сонымен қатар, "АРБЗ" ЖШС ағынсыз өнеркəсіп өндірісінің технологиясы бар.
2017 жылдың 26-30 маусым аралығында Астанада көрме аясында Ақтөбе облысының күндері өтеді. Ақтөбе облысы күндерінің ашылуы ЭКСПО аумағында орналасқан амфитеатр сахнасында халықтық, шетелдік эстрада жұлдыздары мен облыстық шығармашылық ұжымдардың қатысуымен "Ақтөбе - құтты мекен" гала концертімен өтеді деп күтілуде. Бұл күндері этноконцерт, облыстық кітапхананың "Ақтөбе тарих ағынында" көрмесін, камералық хор өткізу жоспарлануда. 1-10 шілде күндері "Қазанат" қалалық ипподром аумағында киіз басумен, тоқумен, тігін тігумен, ағаш, зергерлік ісімен айналысатын 25 шеберден құралған қолөнершілер ауылының шығыс базары болады.
Сонымен қатар, облыс халықаралық арнайыландырылған көрмеге осы жылдың 3-31 шілде аралығында өтетін ЭКСПО-ға 100 үздік еріктіні жіберуді жоспарлап отыр.

www.аktobe.gov.kz

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50