Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласында алтыншы мәрте кезекті қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

15 маусымында Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ғимаратында, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен, кезекті дәстүрлі қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді
Аталған іс-шара мақсаты - жұмыссыз, өзін-өзі қамтушы және аз қамтылған отбасылардың еңбекке қабілетті мүшелерін еңбекпен қамтудың белсенді шараларына тарту.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі барысында, медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу және нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының 3 бағыты: еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқуға бағыттау, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бағытында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 48 мекеме білім, денсаулық сақтау, құрылыс, сауда және қызмет көрсету салалы бойынша 360 жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңкеге қатысқандар саны - 211 адам. Жұмысқа жолдама алғандар саны – 57. Жәрмеңке нәтижесі апталық мерзімде белгілі болады.
Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында ағымдағы жылы 11 бос жұмыс орындары жоспарланды. Қала тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында жұмыспен қамту бөлімімен өткізілетін бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің кестесі бекітіліп, Ақтөбе қаласы әкімдігінің akimat_aktobe, жұмыспен қамту бөлімінің ozsp_aktobe инстаграм сайттарында жарияланды. Жыл басынан бері 5 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 391 адам жұмысқа орналастырылды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50