Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласының әкімдігінде қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Ақтөбе қаласы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүесін енгізу туралы және Іскер әйелдер Ассоциациясының 2017 жылдың 1 жартыжылдықта атқарған жұмыстары туралы сұрақтар қарастырылды.
Бірінші сұрақ бойынша комиссия мүшесі «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» РМК АОФ директоры Мира Мәзін баяндады. Ол 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жұмысберушілер (есептеу объектісінен 1%) жеке кәсіпкерлер мен өзге де өзін-өзі жұмыспен қамтушылар (екі ең төменгі еңбек ақысынан 5 %) белсенді емес өзін-өзі жұмыспен қамтушылар (ең төменгі еңбек ақысынан 5%) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өз төлемдерін жүргізетінін, мемлекет студенттерге, зейнеткерлерге, жұмыссыздар үшін қорға төлемдерді жүргізетінін атап өтті.
Комиссия мүшелері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыру ұсынылды.
Сонымен қатар, комиссия отырысында 1 жартыжылдықтағы атқарылған жұмыстар туралы «Сәке» Сауда үйі» ЖШС директоры, комиссия мүшесі, Ақтөбе қаласы бойынша Іскер әйелдер Ассоциация төрағасының орынбасары Гүлжан Сағандыкова есеп берді.
Комиссия мүшелері Іскер әйелдер Ассоциациясымен жүзеге асырылған бірқатар жобаларымен және қолжеткізген нәтижелерімен танысты.
Комиссия төрағасы Лаззат Уразбаева Іскер әйелдер Ассоциациясы мүшелерінің тек қалада ғана емес облыстың өзге де аудандарындағы нәтежелі жұмыстарын, әсіресе су тасқыны кезіндегі белсенді ұстанымдарын атап өтті.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50