Қазақша   Русский

RSS-лента

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен ақтөбелік отбасы Ойыл ауданы атынан пәтер алды

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында ақтөбелік көп балалы Ержанов Шегенбайдың отбасына Патоличев көшесі, 47 үйден 3-бөлмелі пәтердің кілті тапсырылды. Он адамнан тұратын отбасы Махамбет ауданында Новостройка көщесінде тұрған, олардың үйі пайдалануға келмей қалды.
Шараға Ақтөбе қаласы әкімінің 1 орынбасары Жандос Баирханов, Ойыл ауданының әкімі Бұлбұл Күзембаева, қалалық мәслихаттың хатшысы С.Шынтасова және басқалар қатысты.
Кілтті тапсырған Ойыл ауданының әкімі Бұлбұл Күзембаева облыс әкімінің тапсырмасын орындай отырып, аудандар көктемгі су тасқынынан зардап шеккен ақтөбеліктерге көмек көрсету жөніндегі жұмысқа белсене қатысып отырғанын атап өтті. Пәтерді облыстық мәслихаттың Ойыл ауданынан депутаты «Анвар» ЖШС директоры Талғат Салфиков су тасқынынан зардап шеккен отбасына алып берді.
Қорытындысында Ақтөбе қаласы әкімінің 1 орынбасары Жандос Баирханов су тасқынынан зардап шеккендерге көрсетіліп жатқан көмек туралы қысқаша хабарлама жасап, ешкімнің де назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50