Қазақша   Русский

RSS-лента

Жалдамалы пәтерлерді жалға алушылар назарына!

Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тұрғын үй қорын сепке алу секторы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алған жалға алушыларды жалдау ақы шартына қатысты бағдарламаның өзгергендігі жөнінде хабарлайды.
Жалдау ақы түсімін тәртіпке келтіру және төлеу кезінде ыңғайлы болуы мақсатымен бағдарламаға өзгерістер енгізілді, атап айтқанда, әрбір жалға алушыға бірегей номер (Id код) беріледі. Жалға алынған пәтердің жалдау ақысын енгізу барысында банктерде 8-санды номерді енгізу қажет, ол алдағы уақытта қосымша мәліметтерді енгізбеуге, сонымен қатар әрбір жалға алушының ақшалай қаражаты тек өзінің есепшотына түсуіне мүмкіндік береді. Қосымша хабарлаймыз, бағдарламаегер бөлімде түбіртекті жоғалтақан жағдайда төлем тарихының жүктемесін жасауға, сонымен қатар жалдауға қатысты қарыз және өсіміді бақылауға мүмкіндік береді.
Бірегей номерді (Id кодты) алу үшін мемлекеттік үйді жалға алушы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейінгі уақыт аралығында (сағат 12.30-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліс) Алтынсарин 2, 24 А кабинетке негізгі жалға алушының жеке куәлігімен бірге жолығуы тиіс.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50