Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде Астана Күнін мерекелеу "Нұр Отан" Партиясы АОФ ғимараты алдындағы алаңда Абай атындағы саябақта салтанатты түрде басталады

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары, сіздерді шын жүректен біздің сүйікті Астана Күнімен құттықтаймыз және Ақтөбеде өтетін мерекелік шараларға шақырамыз!
6 шілде сағ.10-00-де біздің қаламыздың нағыз спортшы және белсенді тұрғындары Ақтөбенің көшелерімен өтетін дәстүрлі велошеруге қатыса алады, ол ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақтан басталып, Абай атындағы гүлзарда «Нұр Отан” Партиясы АОФ ғимараты алдындағы алаңда мәреге жетеді.
Дәл осы жерде «Нұр Отан” Партиясы АОФ ғимараты алдындағы алаңда сағ.11-00-де Ақтөбеде Астана Күнін мерекелеудің ресми ашылуы өтеді. Ақтөбеліктер Тургенев көшесінен Есет батыр көшесіне дейінгі Абай гүлзары бөлігінің жана келбетін тамашалай алады. Осында 230 қылқанды және жапырақты ағаштар отырғызылған, раушангүлдер отырғызылған, воркаут-алаңы, тренажерлары бар спорттық алаң және 2 балалар алаңдары салынған.
Бағдарламада облыс басшысының құттықтауы және наградалар табыстау, қаланың шығармашылық ұжымдарының, аула клубтарының, музыкалық мектептердің қатысуымен танғажайып концерттік бағдарлама, ұлттық киімдердің көрсетілімі және т.б. жоспарланған.
Гүлзарда ақтөбеліктер қаланың парфюмерия және қыш құмыра жасау мектептерінің, қолданбалы өнер шеберлерінің өнімдерінің көрмесін және сатылымын, кітап көрмелерін тамашалап, ойындар, викториналар және тас жолда сурет салу байқауына және т.б. қатыса алады.
Сонымен қатар, осы жерде (бұрын көрсетілгендей саябақта емес) роботтардың көрсетілімі, роботтарды құрастыру және басқару бойынша шеберлік класстар, «Robotix Kazakhstan» ЖШС ұйымдастыруымен балалар арасында сыйлықтардың ұтыс ойындары өткізіледі.
Сонымен қатар, 6 шілде сағ. 11-00 ден 13-00-ге дейін мерекелік бағдарламалар және халықтық қыдырулар ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағында, А.С.Пушкин атындағы және «Ретро» саябақтарында, «Керуенсити» СОО, «Металлург» мәдениет Үйінің алаңында, Қарғалы с. «Жеңіс» саябағында өткізіледі.
Осы мереке күні қызықты кешкі бағдарлама жоспарланған. Сағ.20.00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағында және «Ретро» саябағында, «Нұр Отан” Партиясы АОФ алаңында (Тургенев көшесі), ал 19.00-де А.С.Пушкин атындағы саябақта мерекелік бағдарлама басталады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50