Қазақша   Русский

RSS-лента

Қанат Алиевтың Ақтөбе қаласының ЖПҚ бастығы лауазымына тағайындалуы, «Қолқанат Ақтөбе» ҚҚ жұмысының қорытындысы және пәтер кілттерін ұсыну

Бүгін Ақтөбе қаласы әкімі И.Испановтың қатысуымен Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс 19 сессия отырысы өтті.
Сессия отырысы алдында қала әкімі И.Испанов көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындарға көрсетіліп жатқан шаралар туралы баяндама жасады.
Одан соң Ырғыз ауданы әкімі Елеусізов Мәди Қанатбайұлы АЗФ-3 мекен жайы бойынша тұратын үйі қолданысқа жасамсыз күйге түскен қала тұрғыны Қисықова Айгүл Жақсылыққызына 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Пәтер Ырғыз ауданы атынан берілді.
Сонымен қатар сессия отырысы алдында қала әкімі және мәслихат депутаттары К.Масалимованы туған күнімен құттықтап, «Қолқанат Ақтөбе» ҚҚ жасап жатқан жұмыстары үшін алғыс айтып, қордың жұмысы туралы баяндамасын тыңдады.

Ақтөбе қалалық мәслихатының кезектен тыс 19 сессия отырысында Жергілікті полиция қызметі бастығы лауазымынан Арман Утешевты босатып, орнына Алиев Қанат Советұлының лауазымын ұсыну мәселесі қаралды.
Қала әкімі басқа жұмысқа ауысқалы жатқан А.Утешевтың атқарған жұмысына алғысын білдіріп, К.Алиевтың лауазымын ұсынды және мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Сессия барысында қала әкімі қоғамдық тәртіпті, учаскелік инспекторлар жұмысын жақсарту, жол қозғалысы ережелерін қадағалау бойынша айқын мақсаттар қойды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50