Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаева Аналар үйіндегі сәбидің тұсауын кесті

Бүгін Аналар үйіндегі үш сәбидің тұсауы кесілді. Біреуінің тұсауын қала басшысының орынбасары Ләззат Оразбаева кесті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Аналар үйінің директоры Таңсұлу Лақованың айтуынша, сәбилердің тұсауын кесуге ырымдап әр салада жетістікке жеткен адамдар шақырылды.
«Нұрислам деген баланың тұсауын билікте жүрген Ләззат Оразбаева кесті. Сырлыбектің тұсауын өзім кестім. Ал, Ақжанның тұсауын өнерде жүрген апасы кесіп берді», — дейді Аналар үйінің директоры.
Тұсауларын кесіп болған соң, жиналғандарды балалардың нені таңдайтыны да қызық болды.
«Маған Нұрислам деген бүлдіршіннің тұсауын кесу бақыты бұйырды. Баланың болашағы жарқын болсын. Сәби кітап пен домбыраны таңдады. Білімд, өнерлі азамат болып өседі деп жорыдық», — деді Aktobenews.kz тілшісіне берген сұхбатындла Ләззат Оразбаева.

Марат Төлепберген, www.aktobenews.kz

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50