Қазақша   Русский

RSS-лента

Бүгін кезекті сегізінші жер учаскелерін жалға беру аукиионы өткізілді

Бүгін кезекті сегізінші өндірістік азаматтық нысандарға арналған жер учаскелерін жалға беру аукиионы өткізілді.

Аукционға 19 жер учаскелері шығарылды, оның ішінде "Mupi" үлгісіндегі жарнамалық құрылымды, жарнамалық қалқандар мен стелалар, сауда павильондарын, дүкендер, дәріханалар, шаштараздар орналастыру және қызмет көрсету.

«Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысының айтуы бойынша 19 жер учаскесі аукционға шығарылды, жалпы алаңы 0,15 га, бастапқы құны 130 мың теңге. Аукционға қатысуға 15 өтінім түсті. Сегіз лот бойынша аукцион өтті деп танылды. Аукцион қорытындысы бойынша бюджетке 3,8 млн.теңге түседі.

Келесі аукцион ағымдағы жылдың 14 шілдесінде сағат 11-00-де Ақтөбе қаласы әкімдігінің ғимаратында өтеді. Ендігі аукционға 13 жер учаскелері шығарылады, жалпы көлемі 5,7 га құрайды. Бастапқы құны 1,4 млн.теңге. Аукционға шығатын жер учаскелерінің тізіміне көп қабатты тұрғын үйлер, демалыс базаларын, монша кешенін, автогаз құю стансаларын, балабақша, таунхаус, өндірістік базалар, спорт кешендерін, сауда және медициналық орталықтар орналастыру және қызмет көрсету кіреді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50