Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеліктер оқушылардың кезекті тобы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмеге Астанаға аттандырылды

Ақтөбеліктер «ЭКСПО - 2017» Халықаралық көрмеге белсене баруда.
Ақтөбе қаласы бойынша «ЭКСПО - 2017» мамандандырылған көрмесіне аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған барлығы 1350 баланы қатысу жоспарланып отыр.
Әр тур 3 күнге жоспарланған. Балалар көрменің қызықты павильондарын аралап, шетелдік қонақтармен кездесіп, Астана қаласының көрікті жерлерін тамашалауда.
Аттанған оқушылардың құжаттары жинақталып, өмір қауіпсіздігіне жауапты мамандар бекітілді.
48 оқушы, 3 жауапты мамандар және 1 медбике қызметкерден құралған алғашқы І – топ 7-11 шілде күні «ЭКСПО-2017» №58 Орал-Астана поездымен барып келді.
48 оқушы, 3 жауапты маман мен 1 медбикеден құралған ІІ-топ 11 шілде күні аттандырылды.
ІІІ-топтың балалары 13 шілде күні аттандырылды, ІV-топ 15 шілде күні жіберіледі.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50