Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов: "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін түлектер мен жастарды Ақтөбе жергілікті полиция қызметіне көмекші ретінде жұмыспен қамту жөніндегі жаңа жоба оң нәтиже берді"

Бүгін №3 басқарушы компанияның аумағында (ГМЗ ауданында) қала әкімі І.Испанов басқарушы компаниялар және жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ, кездесуге маслиxат депуттартары, ардагерлер мен жұмыспен қамту органдары қызметкерлері қатысты.
Ақтөбеде басқарушы компаниялардың жұмыс істеп жүрген жүргеніне бір жыл уақыт болады. Бір жылдың ішінде басқарушы компаниялар бекітілген аудандарында тазалық, тәртіп, дамыту бойынша халықпен, қала әкімшілігі мен құқық органдармен тығыз байланыста жұмыс жалғасуда.
Осы жылдың маусым айында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Ақтөбе қаласының Ішкі істер жергілікті полиция қызметіне көмекші ретінде түлектер мен жастарды жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі жаңа жоба іске қосылды. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбелік Өңірлік Мемлекеттік университетінде, Қазақ- Орыс Халықаралық университетінде "құқықтану" мамандығының түлектерімен жұмыс жүргізілді.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған азаматтар, құқық, құрмет және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау үстемдігі негізінде өз қызметін жүзеге асырады. Бұл «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша өз негізін тапты. Бұл тәжірибе«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша өз өтінімін тапты.
Осы бағдарлама бойынша, үш жыл ішінде диплом алған және 29 жасқа дейін, өз мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ түлектер жұмыс істейді. Тәжірибе ұзақтығы алты ай, жалақы 56 мың. Одан әрі жұмыс орнында қалу үшін, түлектерге тең мүмкіндіктер беріледі. Бәрі де олардың барлық қалауларына және ұмтылуына байланысты. Тәжірибе Сәтті аяқталса тұрақты негізде жұмыс істеуге қалдыруға болады. (Жалақы бағдарлама қатысушыларына жұмыспен қамту орталығына бөлінген бюджет шегінде төленеді).
Бұл ұсыныс Ақтөбе қаласының жергілікті полиция басшылығы мен ақсақалдар Ақтөбе облысының ішкі істер ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Дәулеталиннің, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Марзалиннің атынан қолдау тапты.
Қала әкімдігінің тарапынан ЖПҚ қызметкерлерінің көмекшілеріне форма дайындалды. Бүгінгі күні, 27 жас маман - полиция көмекшісі болып 4 полиция бөлімінде (Зауыттық, Елек, Саздинскиц, Заречный) жұмыс істейді.
Қала әкімі І.Испанов халықпен жұмыс істеуге басқарушы компаниялар мен учаскелік полиция инспекторларының арасындағы тығыз ынтымақтастықты қамтамасыз ету міндетін қойды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50