Қазақша   Русский

RSS-лента

2017 жылдың 16 шілде күні ҚР тұңғыш президенті саябағына Сазды ауылдық округінің мерекелік бағдарламасына шақырамыз

9 шілдеден бастап ҚР тұңғыш президенті саябағында «Туған жерім – нұрлы елім» акциясы аясында Ақтөбе қаласының ауылдық округтерінің «Ауыл-еліміздін алтын қазынасы» атты фестивалі өтуде.
9 шілдеде Қарғалы ауылдық округінің күні өтті, 16 шілдеде Сазды ауылдық округінің күні, 30 шілдеде Құрайлы ауылдық округінің күні, 6 тамызда Жаңақоныс ауылдық округінің күні, 20 тамызда Благодар ауылдық округінің күні өтеді.
16 шілде жексенбі күні уақыт 19:00 де барлық ақтөбеліктерді және қала қоңақтарын Сазды ауылдық округінің мерекелік бағдарламасына шақырамыз.
Сіздерді ауылдық округтің көркемөнерпаз ұжымдарының үлкен және қызықты мерекелік бағдарламасы, мереке аясында қызықты адамдармен кездесу, ауылдың қолөнер шеберлерінің көрмелері, кітап көрмесі, қазақтың ұлттық тазы төбет иттерінің көрмесі, жалпы спорттық ойындар, шаруа қожалықтарының ауыл-шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі күтуде.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50