Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласында 21-23 шілде күндері «СТЕПНОЙ АККОРД» VI Халықаралық авторлық әндер фестивалі өтеді

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары!

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ мен Қалалық мәдениет Үйі 21-23 шілде күндері «Болашақтың энегиясы» ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған «СТЕПНОЙ АККОРД» VI Халықаралық авторлық әндер фестивалін өткізеді.
Авторлық әндердің халықаралық фестивалі авторлық әндер мен поэзия сүйер жұртшылықтың мейрамы. «СТЕПНОЙ АККОРД» - бұл Ақтөбенің ғана емес, Қазақстанның басқа да өңірлері, сонымен қатар, Ресей Федерациясының да авторлық әндерді сүйіп тыңдаушылар мен бард қозғалысын қолдаушыларды дәстүрлі түрде жинайтын қаланың мәдени өміріндегі маңызды оқиға. Фестиваль қатысушылары шығармашылық топтар мен авторлық әндер клубтары, жеке авторлар, орындаушылар және ақындар. Шараға белгілі бард орындаушылар шақырылады. Биылғы жылы фестивальдің құрметті қонақтары және қатысушылары – автор-орындаушылар – Сергей Матвеенко (Мәскеу қ.), Игорь Игумнов (Курган қ.),Сергей Яхонтов (Орынбор қ.), Гульзада Байсембаева (Астана қ.), «Северный ветер» дуэті (Алматы қ.) және басқалары.

Шара барысында шатырлы қалашық ұйымдастырылып, шығармашылық шеберлік фестивальдері, екі турдан тұратын байқаулар, концерттер, балалар мен жасөспірімдердің байқаулық бағдарламасы, туристік кезеңдер, спорттық шаралар, құмнан әр түрлі формадағы мүсіндер дайындау т.б. конкурстар өткізіледі. Фестиваль алаңында поэтикалық, ән шығармашылығының авторлық құқын қорғау бойынша кеңес алғысы келетіндер үшін Қазақстанның Авторлық қоғамыныңзаңгері Прохин К.В. (Алматы қ.) қызмет етеді.
Фестиваль 2017 жылғы 21-23 шілде күндері Саздысу қоймасының жасыл алаңында өтеді. Стадионнан фестиваль алаңына дейін жұма 21 шілде күні сағат 13.00, 15.00, 19.00, сенбі 22 шілде күні сағат 11.00, 13.00, 17.00, 19.00 және жексенбі 23 шілде күні сағат 11.00, 13.00, 15.00 – де автобус жүреді.

Барлық ақтөбеліктерді фестивальге қатысуға шақырамыз!

Байланыс телефоны - Ольга Акчурина, тел.87015793389
87086967001

«Болашақтың энегиясы» ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналған «СТЕПНОЙ АККОРД» VI Халықаралық авторлық әндер фестивалінің бағдарламасы

21 шілде, жұма
Күні бойы     Фестиваль қатысушылары мен қонақтардың келуі, тіркелуі Шатыр қалашығының орнатылуы
15.00-16.30    

«Зал ожидания» фотоалаңның ашылуы

«Сядь в любой поезд» концерттік бағдарламасы (темір жол, вагон, станция, поезд, т.б туралы әндер)

Концертке барлық фестиваль қатысушылары мен қонақтар шақырылады

   16.00 бастап   Барлық номинациялар бойынша байқауға қатысуға тапсырыс беру
16.30-18.00     Алаңда тыныштық орнайды. Фестивальдің барлық алаңдарында бір уақытта шығармашылық шеберліктің 7 бағыты бойынша I кезеңінің тыңдалымы басталады
18.00-19.00     Құрметті қонақтар мен делегациялардың жетекшілеріне арналған кешкі ас
19.00-19.15     Көрермендер назарын сахнаға аударатын музыка қосылады. Ұйымдастыру комитетінің ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗІ
19.15-19.30     «Мы гостям хорошим рады» «Рюкзак» бардклубының бағдарламасы
19.30-21.30     «Заезжий музыкант» фестиваль қонақтарының концерті
21.30-22.00 Сергей Яхонтовтың классикалық гитара бағдарламасы, Орынбор қаласы
22.00 бастап   Жылжымалы Планетарийді тамашалауға шақыру. Телескоппен түнгі аспанды тамашалау
22.00-23.30     «Вечерний романс» концерті - сахнаға Фестивальдің барлық қонақтары қатысуға шақырылады
23.30-00.00     Автор-орындаушы Игор Игумновтың бағдарламасы, Курган қаласы
00.00-00.30 «Северный ветер» дуэтінің бағдарламасы, Алматы қаласы
00.30-01.00 Автор-орындаушы Сергей Матвеенконың бағдарламасы, Мәскеу қ.
01.00 бастап «Байки на ночь» Алау алаңындағы ауызша фестивальдік шығармашылық байқауы  

 

22 шілде, сенбі

 

8.30               Ұйқыдан ояну, таңғы рәсімдер
9.00-9.30       Фестивальдік жаттығу (Сахна алдында)
9.30-10.00 Таңғы ас
10.30-17.00  

Балаларға арналған құм алаңы (еріктілердің қадағалауымен)

Спорттық командалардың көрсетілімдері:

Капоэйро, «Долг» қорғаныс-патриоттық клубы – сахна алдындағы алаңда

«Веселые старты» сахна алдындағы алаңда

Құмнан жасалған мүсіндер байқауы-Фестиваль алаңында және су жағалауында

Владимир Шадриннің ұйымдастыруымен шашкадан Турнир және басқатырғыш байқауы (Орынбор)

10.00 бастап

Қолөнер шеберлерінің көрме саудасы

Портрет, шарж салу

Балаларға және үлкендерге арнап денесіне (жағалаулық татуаж) сурет салу

«Дерева желаний» лентасын сату саудасы

«Фестивальные мнговенья» фото көшесі жұмыс жасайды

11.00 «Туристік аспалы өткел» - ағаштар арасындағы алаңда
12.00-13.30  

«Фестивальный фольклор» - әзіл әндер концерті

Концертке барлық фестиваль қатысушылары шақырылады

13.30-14.00 Сергей Яхонтовтың классикалық гитара бағдарламасы, Орынбор қ.
14.00 бастап Авторлық әндер байқауына қатысуға өтініштер беру
14.00-16.00  

Сахнада тыныштық орнайды. Жұма күні үлгермеген қатысушылардың I кезеңнен өтуі

Фестивальдің барлық алаңдарында бір уақытта шығармашылық шеберліктің 7 бағыты бойынша I кезеңінің жұмыстары жалғасады

14.00-18.00   Қазақстанның Авторлық қоғамының Ақтөбедегі филиалы. Прохин К.В заңгер Алматы қ. Поэтикалық, ән шығармашылығының авторлық құқын қорғау және т.б. интеллектуалдық меншік бойынша кеңес береді
16.00-17.30   Қазылар алқасы I кезеңді қорытындылайды. II кезең қатысушыларының тізімін дайындау-ұйымдастыру шатыры алаңы
14.00-17.00  

Фестиваль алаңында суретке түсу үшін үлкен қуыршақтар жүреді.

Алаңда шахмат турнирі

Сахна алаңында балалар суретінің байқауы

17.00-17.30   Сахна жұмысын бастайды. Көрермендер назарын сахнаға аударатын музыка қосылады
17.30-18.00   «Вспоминая классиков..» «Рюкзак» бардклубы мен барлық фестиваль қонақтары поппури орындайды
18.00-18.30  

«СТЕПНОЙ АККОРД» VI Халықаралық авторлық әндер фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі

Екі тілде жүргізушілер шығады

Делегациялар шеруі. Қатысушы қалалар мен клубтар таныстырылады. Сөз Ақтөбе қаласының әкімі И.Испановқа беріледі

Фестиваль туы көтеріледі

18.30-19.00  

Жүргізуші фестивальдің қазылар алқасымен таныстырады Әрқайсысы бір әннен орындап, үстелге жайғасады

Қазылар алқасының гитара арқылы ант беруі

19.00-19.30 Фестивальдің балалар және жасөспірімдерге арналған байқау бағдарламасы

   19.30-20.00  

Байқаудың балалар және жасөспірімдер байқауын қорытындылау. «Наше достояние» - әр жылдардағы фестиваль жүлдегерлерінің концерті
20.00-21.00   Фестиваль қатысушыларының (ересектер) байқаулық концерті
21.00-22.30   Қазылар алқасы қорытындылайды. Фестиваль дипломын дайындау
21.00-22.30   «Малосольники» (3 әннен жеке орындаушылар)
22.30-23.00  

Байқаудың шешімін жариялау. Дипломдар табыстау.

Барлық қатысушылар мен ұйымдастыру комитетінің естелік суретке түсуі

23.00-23.20   Автор-орындаушы Игор Игумновтың бағдарламасы, Курган қаласы
23.20-23.40   Автор-орындаушы Гүлзада Бейсембаеваның бағдарламасы, Астана қаласы
23.40-00.10   «Северный ветер» дуэтінің бағдарламасы Алматы қаласы
00.10-00.40   Автор-орындаушы С.Матвеенконың бағдарламасы, Мәскеу қаласы
00.40-02.00 «Малосольники» (3 әннен жеке орындаушылар)
02.00 бастап «Байки на ночь» Алауы алаңындағы әндер

 

23 шілде, жексенбі

10.30-11.00   «Еркін микрофон»
11.00-11.20  

«СТЕПНОЙ АККОРД» VI Халықаралық авторлық әндер фестивалінің салтанатты жабылу рәсімі

Фестиваль қонақтарына, фестивальға қызмет көрсеткендерге алғыс хаттар табыстау

11.20-12.00   Авторлық әндер клубы мен фестиваль ұйымдастырушыларының өзара тәжірибе алмасуы бойынша «Дөңгелек үстел». Қалалар делегациясының басшылары мен өкілдері қатысады, ұйымдастыру комитетінің шатырында өтеді
11.20-13.00   «Город на белом холме» қонақтардың қорытынды концерті

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50