Қазақша   Русский

RSS-лента

5 тамыз күні ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағына Новый ауылдық округінің күніне шақырамыз

5 тамыз 2017 ж күні сағат 19-00 де ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында «Туған жерім-нұрлы елім!» акциясы аясында «Ауыл — еліміздің алтын қазынасы» атты Новый ауылдық округінің Күні өткізіледі.

Фестивальдің негізгі мақсаты:
- «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын орындауға бағытталады;
- фестивальдің өту барысы арқылы халықтық салт-дәстүр, ұлттық фольклорды дамыту;
- Қазақстандық патриотизмді дамыту;
- Қазақстан халықтары достығы мен салауатты өмір салтын насихаттау;
- ауыл көркемөнерпаздар үйірмелерін және шығармашылық ұжымдардың жұмысын жандандыру;
- қалың бұқараны мәдени-көпшілік шараларға баулу;

Фестиваль барысы:
1. Саябақ алаңында киіз үйлер тігіліп, киіз үй іші қазақы дәстүрлі бұйымдармен безендіріледі. Сонымен қатар, қолөнерлік бұйымдары, қазақтың ұлттық тағамдары, жергілікті кәсіпкерлер тауарлары мен өнімдерінен құралған көрме ұйымдастырылады.
Киіз үй маңында спорттық ойындар, тақырыптық кітап көрмесі, шеберлік сабақтарымен қатар, ауылдық округ көркемөнерпаздары ұжымдарының және жеке орындаушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50