Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе Шәмшіні еске алады!

15 тамызда сағат 19.00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мəдениет жəне демалыс саябағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің авторы, қазақтың əн падишахы, ҚР халық артисі Шəмші Қалдаяқовтың туған күніне арналған республикалық «Əн — ғұмыр» атты ретро əндер фестивалі өтеді.

Фестивальде белгілі әншілер Мирас, Құралай Бекжановтар, Жадыра Арыстанова, Арайлым Рахым, Нұрғали Тұрлыбеков (Астана), ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ (Астана), сондай-ақ Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан келген өнерпаздар мен Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның əншілері өнер көрсетеді.

Ән сүйетін қауым, ән кешінен қалып қоймаңыз!

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50