Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе облысы әкімдігінің www.aktobe.gov.kz сайтында "Еңбек жолы" сайысының аясында онлайн дауыс беру өткізілуде

«Еңбек Жолы» конкурсы жастарды еңбекті құрметтеу рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау, көбейту мақсатында және үздік еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлерін айқындауға мүмкіндік береді. Конкурс «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамы» ұранымен Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыруға және өнімді еңбекті ынталандыруға ықпал етеді.
«Еңбек жолы»конкурсын(бұдан әрі – Конкурс) өткізудің мақсаты:
• Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласының тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау;
• еңбек адамдары туралыоң қоғамдық пiкiр қалыптастыру және жаңа еңбек әулеттерін құру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда жағдайлар жасау;
• қазақстандықтардаҚазақстан Республикасы экономикасының дамуына елеулі үлес қосқан отандастарының жетістіктері үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Конкурс 3 номинациядан тұрады:
• «Үздік еңбек әулеті»–еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттарыең көп, ең көп санды әулет таңдалады.
• «Өндірістің үздік жас маманы» - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
• «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» -жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50