Қазақша   Русский

RSS-лента

Жұмыс орындарын және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жиын өткізілді

2017 жылдың 7 тамызында қала әкімі орынбасары Н.Алдияровтың басшылығымен қаламыздың 31 Басқарушы компанияларында әлеуметтік жұмыс орындарын және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша жиын өткізілді.
Жиналыс мақсаты: Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында әлеуметтік жұмыс орындарын және қоғамдық жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Әлеуметтік жұмыс орындары уақытша жұмыс орындарын құру жолымен ұйымдастырылады жұмыс орындар саны шектелмейді, жұмыс уақытша және тұрақты бос жұмыс орындары пайдаланылмайды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан Бағдарламаға қатысушылардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдер есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып, бекітілгенжалақы мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.
Қала әкімі орынбасары мекеме басшыларына бағдарламаның тиімді жүзеге асырылуы маңыздылығын ескере отырып, Жұмыспен қамту бағдарламасына белсене қатысуға тапсырма берді, сонымен қатар, мемлекеттен бөлінген қаражатты тиімді қолдану тапсырылды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50