Қазақша   Русский

RSS-лента

2017-2018 оқу жылы кәсіптік білім алуды ұйымдастыру аясында мамандық алуға көмектесеміз

2017 жылдың 8 тамызында Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде 2017-2018 оқу жылына Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында кәсіптік оқуды ұйымдастыру бойынша қаламыздың 5 колледжі өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізілді.
Кездесу мақсаты: 9-11 сынып бітірушілерін уақытылы ақпараттандыруға ықпал ету.
Кездесу барысында, колледж өкілдеріне қала тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында а.ж. 25 тамызында жерг.уақытпен сағат 10.00-де, Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион алаңында өткізілетін кезекті бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысу ұсынылды.
Бүгінгі күнге, мемлекеттік тапсырыс бойынша: орманшы, газоэлектродәнекерлеуші, кең көлемді құрылыс шебері, аспаз, тәттігер, бақылаушы- кассир, автокран жүргізушісі, автомобиль жөндеу слесарі, автосервис менеджері, құрылғыларды жөндеу мастері (өндірісте), шаштараз, токарь, станоктарды ақпараттық басқару, слесарь – электрик мамандықтарына үміткерлерді қабылдау жалғасуда.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50