Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласының әкімі І.Испанов Новый, Благодар, Қурайлы, Қарғалы ауылдық округ әкімдерін таныстырды

Ақтөбе қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 8 тамыздағы шешімімен Новый, Благодар, Қурайлы, Қарғалы ауылдық округ әкімдері сайланды және тіркелінді.
1) Новый ауылдық округінің әкімі - Әлімбаев Алмаз Аманбайұлы, 1978 жылы дүниеге келген. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қарғалы ауылдық округінің әкімі болып жұмыс атқарды;
2) Благодар ауылдық округінің әкімі - Дарин Бақұзақ Үсенүлы, 1961 жылы дүниеге келген. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Благодар ауылдық округінің әкімі болып жұмыс атқарды;
3) Қурайлы ауылдық округінің әкімі - Тұрмағамбетова Мақпал Шегайқызы, 1966 жылы дүниеге келген. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қурайлы ауылдық округінің әкімі болып жұмыс атқарды;
4) Қарғалы ауылдық округінің әкімі - Алжанов Алтынбек Тыныштықбайұлы, 1972 жылы дүниеге келген. Осы лауазымға тағайындалғанға дейін «Акзам» ЖШС-нің директоры болып жұмыс атқарды.
Таныстыру кезінде қала басшысы ауылдық округ әкімдеріне адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту жөнінде нақты шаралар қабылдау тапсырып және жетістікке жетудегі алға қойған мақсаттарына сәттілік тіледі.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50