Қазақша   Русский

RSS-лента

Мәртөк ауданы Ақтөбе қаласында «Қаладан ауылға» атты бастаманы көтерді

Бүгін қалалық әкімшіліктің ғимаратында «Туған жерім – нұрлы елім» Мәртөк ауданы күндері аясында «Қаладан ауылға» атты бастама бойынша Ақтөбе қ. тұратын азаматтарды Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына өз еркімен қоныс аударуына жәрдемдесу бойынша кеңес өтті.
Кеңеске Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Рузия Айдашева, қалалық мәслихаттың хатшысы Сулупан Шынтасова, Мәртөк ауданының әкімі Нұржауған Қалауов, облыс іскер әйелдер Ассоциациясының мүшелері, мемлекеттік мекемелердің және Мәртөк ауданының шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.
Ақтөбе қ. тұратын азаматтарды Ақтөбе облысының Мәртөк ауданына өз еркімен қоныс аударуына жәрдемдесу бойынша бағдарламаның тұжырымдамасын әзірлеп, Мәртөк ауданының тұрғындары, «Махамбетовка», «Кривое озеро» және су тасқынынан зардап шеккен бірнеше саяжай алаптарының тұрғындарымен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізді.
Бүгін кездесуге 30-дан астам ақтөбелік отбасы өкілдері шақырылды. Олар Мәртөк ауданына көшу шарттарына қызығушылық танытты.
Өз сөзінде Мәртөк ауданының әкімі Нұржауған Қалауов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етіп, әлеуметтік жағынан осал топтарды қолдауды қоса алғанда, бұл қоныс аудару тұжырымдамасын әзірлеу бағдарламасы еңбек делдалдығының тиімді моделін қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделгенін түсіндірді. Жастарды оқыту, жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша, сондай-ақ оларды аудан шаруа қожалықтарында жұмыспен қамту талқыланды.
Кеңес барысында аудан әкімдігінің өкілдері мен шаруа қожалықтарының басшылары қоныс аударуға жағдай жасау үшін бағытталған іс-шаралар жөнінде айтты.
Шаруа қожалығының басшысынан:
- тұрғын үй беруге келісім / тұрғын үй нысандарын, жатақхана, жеке үйлерде жалға төлеуді жәрдемдесу;
- жұмыспен қамту / жалақы біліктілікке сәйкес;
- Сүт тұтыну үшін сауын сиыр бөлу;
- коммуналдық шығыстар;
- басқа да шарттар туралы жеке әңгімелесу.
Аудан әкімшілігінен және ауылдық округтан:
- мектепке дейінгі, мектептік және жалпы кәсіптік білім беру, қоныс аударушылардың балаларының құқықтарын қамтамасыз ету;
- жұмыс берушілерден сұранысқа ие мамандықтарды оқытуға көмек көрсету;
- болашақ тұру орындарына көшуін қолдау;
- әлеуметтік шараларын қолдауын көрсету, мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктер ұсыну, заңнама аясында жер учаскелерін жеке құрылысқа бөлу;
- бейімдеуге бағытталған іс-шараларға жәрдемдесу, қоныс аударушылардың және ауыл тұрғындарымен арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл қалыптастыру;
- алдын-ала ауылға барып танысу, ауданның жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастыру.
Ағымдағы жылдың 9 тамызда Мәртөк ауданының Қызылжар ауылдық округының Шевченко ауылына көшіп барған Марина Гнитееваның (5 бала) көп балалы отбасының жұмысқа орналастыру мәселелері шешілуде, тұрғын үй бойынша көмегі туралы кеңес барысында айталды. Марина Гнитеева көп балалы отбасыларға арналған және 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алады.
Кездесу барысында сұрақтарға жауаптар берілді. Содан кейін Мәртөк аудандық әкімдігінің мен шаруа қожалықтарының басшылары азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50