Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбеде «Ең үздік көп пәтерлі тұрғын үй ауласы» конкурсы жарияланды

Қала әкімдігінің қаулысымен кондоминиум объектілерін басқару органдарының арасындағы «Ең үздік көп пәтерлі тұрғын үй ауласы» конкурсын өткізу және ұйымдастыру тәртібі келесідей мақсатта бекітілді:
а) тұрғын үй қорын пайдалану мен аулаларын күтіп ұстау бойынша жұмысқа қатысатын бастама КОБО-на қолдау көрсету;
б) әрбір ауданда қолайлы әлеуметтік ахуал жасау, абаттандыру, көгалдандыру және іргелес аймақтарды, кіреберістерді, шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау жұмыстарына КОБО және азаматтардың неғұрлым белсенділігін арттыру;
в) КОБО көп пәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстау жұмыстарын жақсартуға қосымша серпін жасау;
Конкурс ұйымдастырушысы «Ақтөбе қаласы тұрғын үй иснпекциясы бөлімі» ММ-сі.
Конкурсқа келесідей өлшемдерге сәйкес келетін КОБО қатыса алады:
- Кондоминиум объектісінің Әділет органында мемлекеттік тіркеуі туралы мәлімет болуы;
- КО ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын пәтер иелерінің жарналарын аударуға арналған екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының болуы;
- КО ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын сомаларды жинақтау үшін екінші деңгейдегі банкте жинақ шотының болуы;
- КО ағымдағы қызмет көрсету бойынша сервистік компаниялармен жасасқан шарттың болуы;
- КО жылыту маусымына дайындық куәлігінің болуы.
Конкурстық комиссия қала әкімі орынбасарының басқаруымен, мемлекеттік мекеме өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және тағы да мекемелер өкілдерінің қатысуымен Конкурс жеңімпазы анықталатын болады.
Мәлімдемелер және құжаттар (конкурс құжаттары) Комиссия қарауына 2017 жылдың 18 тамызынан бастап, 1 қазанына дейін «Ақтөбе қаласы тұрғын үй иснпекциясы бөлімі» ММ-сі мамандарына қолма қол қағаз түрінде немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды мекен-жайы арқылы қабылданады.
1,2 және 3 орын иегерлеріне құнды сыйлықтар мен қала әкімі тарапынан мадақтама қағазы беріледі.
Жеңімпаз нысанына балалар ойын алаңын қондыру, асфальттау, евро стандартқа сәйкес контейнер алаңын қондыру және көгалдандыру қарастырылған.

«Ең үздік көп пәтерлі тұрғын үй ауласы»
конкурсы туралы ереже.

І. Жалпы ереже.

1. Осы Ереже кондоминиум объектілерін басқару органдарының (әрі қарай-КОБО) арасындағы «Ең үздік көп пәтерлі үй ауласы» конкурсын өткізу және ұйымдастыру тәртібін келесідей мақсатта реттейді (әрі қарай-Конкурс):
а) тұрғын үй қорын пайдалану мен аулаларын күтіп ұстау бойынша жұмысқа қатысатын бастама КОБО-на қолдау көрсету;
б) әрбір ауданда қолайлы әлеуметтік ахуал жасау, абаттандыру, көгалдандыру және іргелес аймақтарды, шағын сәулет нысандарын, кіреберістерді күтіп ұстау жұмыстарына КОБО және азаматтардың неғұрлым белсенділігін арттыру;
в) КОБО көп пәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстау жұмыстарын жақсартуға қосымша серпін жасау;
2. Конкурс ұйымдастырушысы «Ақтөбе қаласы тұрғын үй иснпекциясы бөлімі» ММ-сі.

II. Конкурсты өткізу және жеңімпаздарды анықтау белгілері

1. Конкурсқа келесідей өлшемдерге сәйкес келетін КОБО қатыса алады:
- Кондоминиум объектісінің (әрі қарай-КО) Әділет органында мемлекеттік тіркеуі туралы мәлімет болуы;
- КО ортақ мүлкін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын пәтер иелерінің жарналарын аударуға арналған екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының болуы;
- КО ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын сомаларды жинақтау үшін екінші деңгейдегі банкте жинақ шотының болуы;
- КО ағымдағы қызмет көрсету бойынша сервистік компаниялармен жасасқан шарттың болуы;
- КО жылыту маусымына дайындық куәлігінің болуы.
2. Конкурсты өткізу үшін конкурстық комиссия құрылады (әрі қарай-Комиссия) қала әкімі орынбасарының басқаруымен, мемлекеттік мекеме өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және тағы да мекемелер өкілдері.
3. Мәлімдемелер және құжаттар (конкурс құжаттары) Комиссия қарауына 2017 жылдың 18 тамызынан бастап, 1 қазанына дейін «Ақтөбе қаласы тұрғын үй иснпекциясы бөлімі» ММ-сі мамандарына қолма қол қағаз түрінде немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды мекен-жайы арқылы қабылданады.

4. Конкурстық құжаттар келесіден тұрады:
- Конкурсқа қатысушылардың атауы, мекен – жайы, байланыс деректері (жұмыс телефоны, ұялы телефоны, электрондық мекен – жайы) және КОБО байланыс тұлғасы.
- техникалық жағдайы жөніндегі ақпарат (Фотосурет);
- үйге тиесілі алаң жөніндегі ақпарат (Фотосурет);
- үйге тиесілі алаңның көгалдандырылуы жөніндегі ақпарат (Фотосурет);
- балалар және спорт алаңы бар жоғы жөніндегі ақпарат (Фотосурет);
- КО ортақ мүлкін күтіп ұстау арналған тарифы туралы ақпарат;
- басқа да құжаттар.
Конкурс құжаттарына аталмыш бөлімнің 1 пунктіне сәйкес көшірмелер тіркелуі тиіс.

ІІІ. Конкурстық комиссияның функциясы

1. Конкурстық комиссия келесідей функцияларды атқарады:
а) Конкурс жөнінде жиындар өткізу;
б) БАҚ құралдарына Конурс талаптары жөнінде ақпарат ұсыну;
в) конкурсқа қатысу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
г) Конкурс құжаттарын қабылдап бағалау жүргізеді;
д) құжаттарды қорытындылайды;
е) Конкурс нәтижесіне байланысты шешім қабылдайды;
ж) Конурс нәтижесіне сәйкес хаттама толтырады;
з) конкурстың өткізілуі және ұйымдастырылуы жөнінде өзге де қызметтер атқарады.
2. Конкурсқа қатысушы «Ақтөбе қаласы тұрғын үй иснпекциясы бөлімі» ММ-сіне берген құжаттарына, конкурстың аяқталу мерзіміне дейін өзгеріс енгізуіне немесе қайтарып алуға құқылы.
3. Конкурстың өткізілу мерзімі: 2017 жылдың 18 тамызы мен 1 қазан аралығы.

IV. Конкурсты нәтижелеу

1. Конкурс қорытындысы конкурс аяқталғаннан кейін 1 апталық мерзім ішінде жария етіледі.
2. Конкурсқа қатысушылар әр нысан бойынша дауыс беру арқылы анықталады. Ең көп дауыс жинаған қатысушы жеңімпаз болып танылады.
3. Конкурс нәтижесі бойынша хаттама толтырылып, комиссия төрағасы және комиссия мүшелерімен бектіліп, қол қойылады.
4. Конкурс нәтижесі БАҚ құралдары арқылы жария етіледі.
5. 1,2 және 3 орын иегерлеріне құнды сыйлықтар мен қала әкімі тарапынан мадақтама қағазы беріледі.
Жеңімпаз нысанына балалар алаңын қондыру, асфальттау, евро стандартқа сәйкес контейнер алаңын қондыру және көгалдандыру қарастырылған.

Қатысушылар ақпаратты Ақтөбе қаласы Т.Ахтанов көшесі 50, № 50 кабинетке «Ақтөбе қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ мамандарына қағаз түрінде қолма-қол немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. және zhilinspek_aktobe инстаграм парақшасына жиберулеріңізге болады.
Байланыс телефондары: 41-63-89, 41-63-90.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50