Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қаласында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын талқылады

Ақтөбе қаласының әкімдігі мен қоғамдық кеңестің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласын қала тұрғындары арасында талқылау мақсатында бүгін «Нұр Отан» партиясының ғимаратында «Болашаққа қадамды бірге жасаймыз» атты кеңейтілген жиын өткізілді.
Отырыста ҚР Президентінің бағдарламалық мақаласының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» Ақтөбе қаласында жүзеге асырылуы талқыланды
Отырыс барысында Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Бекенов Құдайберген Елтекұлының, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзалин Ахат Ахметұлының, «Ақтөбе қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің сектор меңгерушісі Құлбатыр Айша Мұқанбетқазықызының және «Нұр Отан АОФ «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бүркіталин Асылжан Жаналыұлының баяндамалары тыңдалды.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50