Қазақша   Русский

RSS-лента

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары жөнінде комиссия отырысы өтті

Ақтөбе қаласының әкімі И.Испановтың төрағалымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшылары есеп берді. Осылайша, жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы «Ақтөбе қаласының жер қатынастар бөлімі» ММ басшысы Ұшқын Мыңбаев есеп берді.
Ұ.Мыңбаев, бөлімнің жұмысында, өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуде ашықтық пен айқындылықты қамтамасыз ету, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін бөлуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендеуі туралы баяндады. Жұмыс бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілердегі бөлімнің парақшаларында кеңінен жарықтандырылады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңдарында көзделген заңсыз іс-қимыл үшін жауапкершілік туралы апта сайын өтетін аппаратық жиналыстарда мамандарға қатаң ескертіледі, мемлекеттік мекеменің ғимаратында сыбайлас жемқорлыққ қарсы іс-қимыл жөнінде уәкілетті органның call-center нөмері көрсетілген ақпарат орналастырылды, электрондық кезекшілік енгізілді, бейне бақылау камералары орналастырылды.

Сонымен бірге, «Ақтөбе қаласының әділет басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы Ақтөбе қаласының әділет басқармасының басшысы Айжан Шаленова есеп берді. 2017 жылдың 1 тоқсанында барлық мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес көрсетілген мерзімдерде ұсынылып, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің сақталмауы анықталмады. Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ескерту мақсатында басқарма қызметкерлері арасында апта сайын түсіндірме аппараттық жиналыстар өткізіледі. 2017 жылдың 1 тоқсанына басқарма қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық анықталған жоқ. Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында басқарманың негізгі бағыттары бойынша тұрақты түрде заңнаманың талаптарын түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ақтөбе қаласының Әділет басқармасының жұмысын талқылау барысында азаматтардың арызын қарау жөнінде бақылау, дерекқорға қол жеткізуде бақылау орнату, сонымен бірге олардың дұрыстығы мен өзектендіруді қамтамасыз ету жөнінде сұрақтар қойылып, Ақтөбе қаласының мемлекеттік кірістер басқармасымен өзара жұмыс жүргізу тапсырылды.
Ақтөбе қаласының ІІБ жеке құрамы мен бөлімшелері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы Ақтөбе қаласының Ішкі істер басқармасының бастығының орынбасары А.Омаров баяндады. Осылайша, Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау бойынша Ақтөбе облысының ІІД бекітілген Жоспар жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың, қылмыстардың орын алуына және қызметтік этиканың, заңдылықтың бұзылуына жол бермеу мақсатында ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен жасалған, қоғамдық жаңғырық туғызатын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық, қылмыстар туралы және ол үшін Заңмен көзделген жауапкершілік туралы басқарманың жеке құрамының назарына жеткізіледі.
Ақтөбе қаласының ІІБ жеке құрамының, бөлімшелердің қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық қылмысты ескерту мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік қағидатын қалыптастыратын мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру жөнінде бейнероликтерді көрсетілді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді. Осылайша, қалаәкімінің орынбасарына, мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда, бөлімдер мен бағынысты ұйымдарда ҚР заңнамасымен көзделген жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Комиссия отырысында мемлекеттік органдар мен бағынысты мекемелердің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу, оларды болашақта болдырмау үшін шаралар қабылдау қажеттілігі атап өтілді.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50