Қазақша   Русский

RSS-лента

«Жібек жолы» Республикалық байқауының гала концертін өткізу кезіндегі жол қозғалысын жабу және жол қауіпсіздігі туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзін басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Ақтөбе қаласында «Жібек жолы» Республикалық байқауының гала концертін өткізілуіне байланысты қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылғы 24 тамызда сағат 18-30-дан бастап сағат 22-00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойынша В.Пацаев көшесінен «Айна» СҮ дейінгі аралықта мерекелік дайындыққа барлық көлік түрінің қозғалысы жабылсын;
2. Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының ҚЖТИ-ға «Табыс Актобе» ЖШС-мен бірге осы учаскеде тиісті белгілер мен қоршаулар қоюға ұсыныс жасалсын.
3. «Ақтөбе қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Автопарк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, «Ақтөбе қаласының жолаушы-автокөлік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге параллель көшелер бойынша қоғамдық көлік қозғалысының уақытша сызбасын әзірлесін және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.А.Оразбаеваға жүктелсін.

Қала әкімінің бірінші орынбасары
Ж.Баирханов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50