Басып шығаруға арналған нұсқасы

30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституция Күні!

Published: 23 Тамыз 2017
172 рет

Ақтөбеде Қазақстан Республикасының Конституция Күнін мерекелеуге дайындық басталды. Мереке қарсаңында қаланың және ауылдық округтердің мәдениет, білім және спорт мекемелерінде, еңбек ұжымдарында көптеген қоғамдық маңызды, тарихи танымдық, мәдени және спорттық шаралар, мерекелік бағдарламалар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, тақырыптық сағаттар, кітаптар және суреттер көрмелері, спектакльдер, патриоттық сабақтар және т.б. өтеді.
25 тамыз сағ.10.00 Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион алдындағы алаңда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.
29 тамыз сағ.19.00 Абай атындағы саябақта Абай көшесінің мерекесі және «Абай-ғасыр тұлғасы» этно-мерекелік бағдарлама өтеді.
Негізгі мерекелік шаралар 30 тамызда өтеді.
30 тамыз сағ.11.00 Орталық стадион алаңынан облыс әкімдігі алаңына дейін Әбілқайыр хан даңғылы бойымен салтанатты шеру өтеді, осында «Еркіндіктің асқақ шыңы-Ата Заң» атты мерекелік шара ұйымдастырылады.
Конституция Күніне арналған мерекелік бағдарламалар, қаланың шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетулері осы күні сағ.11.00 ден ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Саябақта, А.С.Пушкин атындағы саябақта, «Ретро» саябақта, Металлург МҮ және «Керуенсити» ОСО алдындағы алаңдарда өтеді.
Осы күні ақтөбеліктер мен қала қонақтарын кешкі шараларға шақырамыз.
Облыс әкімдігі алаңында сағ.20.00 ден 22.00-ге дейін «Өнерімді қабыл ал, Тәуелсіз ел» атты шоу бағдарлама өтеді.
ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Саябақта сағ. 17.00 ден 22.00-ге дейін армрестлинг, гир спорты, армлифтинг, мас-рестлинг, пауэрлифтинг, күш воркауты және стронгмен барлығы спорттың 7 түрін қамтитын «G-Strong Power Fest» күш спорт түрлерінің үшінші қалалық фестивалі өтеді. Жарысқа Орал, Атырау, Жаңаөзен, Орынбор, Челябинсктен қатысушылар қатысады. Турнирдің арнайы шақырылған қонақтары Гиннес рекордтар кітабының екі дүркін рекордсмені, Қажымұқан Мұнайтпасовтың күш дәстүрлерін жалғастырушы Сергей Цырюльников, Астана қ., сонымен қатар, гір спортынан әлем чемпионы және рекордсмені, еңбегі сіңген спорт шебері Иван Денисов, Челябинск қ.
«Ретро» саябағында сағ. 19.00-де «Алтын Заң аясында» атты «Рюкзак» бард–клубының мерекелік бағдарламасы өтеді, ал А.С.Пушкин атындағы саябақта – сағ. 20.00 «Ата Заң- мұрамыз, бақыт таңымыз» атты «Ақтөбе» вокалды ансамблінің ретро – кеші өтеді.