Қазақша   Русский

RSS-лента

«Туған жерім - нұрлы елім» акциясы аясында өтетін Байғанин ауданы күндерінің бағдарламасы

24-25 тамыз
9.00 – Ақтөбе облыстық өнер музейінде жас суретші Гүлдана Серікқызының «Дала бояулары» атты көрмесі.

25 тамыз 2017 жыл

10.00 – Халық ақыны, жырау Нұрпейіс Байғанин ескерткіші алдында «Байтақ Байғаниннен – құтты мекен Ақтөбеге» атты көше мерекесі.

15.00 – С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде Ақтан Керейұлына арналған «Қалағандарың сөз болса…» атты облыстық термешілер байқауы.

15.00 – «Жайна» балаларды оңалту орталығында Байғанин аудандық жастар ресурстық орталығының қайырымдылық акциясы, концерттік бағдарламасы.

20.00 – А.С.Пушкин атындағы саябақта «Бізбен бірге ән сал!» атты жастарға арналған караоке кеші.

26 тамыз 2017 жыл

9.00 – «Табыс» коммуналдық базарында «Риза қылсын ырзықпен сені, мені, өлкемнің жәрмеңкелі керуені» атты ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі.

18.00 – ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында «Елмен бірге мәңгілік, рухың тұрар жаңғырып…» атты жалпыхалықтық серуен аясында:

— «Ұлттық қолөнер — рухани қазына» атты байғаниндік шеберлердің қолөнер бұйымдарының көрмесі;

— «Аңызды өлкеге маңызды сапар» атты табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер картасымен саяхаттау;

— «Арбат» жастардың шығармашылық көрмесі;

— «Халықтар достығы — ел бірлігі» атты ұлттық тағамдар көрмесі;

— «Тау көтерген Толағай» атты спорт ойындары;

— «Төрт түліктің төресі — түйе» атты түйе керуені.

20.00 — «Айналдым елім» атты Байғанин ауданында туған эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50